Bos jumys oryndary
Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.
Baılanys telefondary:
8 (72772) 2 32 32,
8 705 965 3661
Капшагай қаласының әкімі
Н. ҚҰМАТАЕВТЫҢ
Халықаралық әйелдер күнімен
ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қапшағайлықтар!
Ардақты ақ жаулықты аналар!
Қадірлі арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықа-ралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп айтса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы болып келеді. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда сақталып келеді»-деген еді.
Бүгінгі шырайлы көктемнің алғашқы күндерінде аталып өтетін
осы мейрамның орны ерекше. Сон-дықтан, ажарлы да мейірімді, талантты да еңбекқор жандар ретінде сіздер қай кезде де отбасының берекесі, ер азаматтың тірегісіздер.
Қадірлі Аналар!
Ардақты әжелер! Аяулы нәзік жандар!
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп келе жатқан отбасының ұйытқысы атанған арулар мен аналарды шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздердің ел игілігі, отбасы берекесі, ұрпақ келешегі үшін жұмсайтын күш-жігерлеріңіз қуат көзіне айналып, әр бастамаларыңыз жемісті болсын!
Қапшағай
қалалық мәслихатының хатшысы
С. НҰРСОЛТАНОВАНЫҢ Халықаралық әйелдер күнімен
КҰТТЫҚТАУЫ
Ардақты аналар, әдемі қыз-келіншектер!
Көктемнің айтулы мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйел-дер күнімен шын жүректен құт-тықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, барша әлемге танымал болуына асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.
Отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
«Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» де-
ген сөз әлемді билейтін де, тер-бейтін де әйел екенін білдіреді.
Бүгінгі бар тіршілік, жарық дү-ние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында.
Азамат баласына тән сүйіс-пеншілік пен іңкәрлік, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бойына сіңіре білген, ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылықты тілей-мін.
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәде-ниеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе
жатқан сіздерге шынайы риза-шылығымды білдіремін.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!
Жетісулық кәсіпкер металл қақпалары мен есіктерін шығаратын цех ашты
Көксу ауданында жас кәсіпкер Әлиаскерага Магеррамов металл бұйымдарын өндіруді жолға қойды. Цехта металдан қақпалар, әткеншектер, есіктер, қалқа және күркелер шығарылады.
Әлиаскерага Магеррамов 29 жаста. Ол жоғары оқу орнын «халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. Оқуды аяқтағаннан кейін экономист болып жұмыс істеді. Бірақ, жеке ісін дамытумен айналысқысы келді.
«Біздің отбасымызда құрылыс дүкені болды. Біз тек сатумен ғана емес, өндіріспен де айналысуды шештік. Таныстарымның кеңесі бойынша Кәсіпкерлер палатасы мен жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Қажетті кеңес алдым. «Бастау Бизнес» курсына жазылып, онда кәсіпкерлік бойынша оқытудан өттім», - деді ол.
Кәсіпкердің жобасы мемлекеттік қолдауға - екі миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Өткен жылы Әлиаскерага металды лазерлік кесу бойынша заманауи жабдықтар сатып алып, металл құрылымдарын дайындау цехын іске қосты. Қазір цехта бес адам жұмыс істейді. Онда қақпалар, әткеншектер, есіктер, шатырлар мен күркелер шығарылады. Тапсырыстар тек жеке азаматтардан ғана емес, түрлі кәсіпорындар мен ұйымнан да келеді, дейді кәсіпкер.
Цехтың артықшылықтарының бірі заманауи жабдық болса, екінші ерекшелігі – бағасы. Әлиаскераганың айтуынша, ол бұйымдардың құнын халық үшін қол жетімді ұстауға тырысады.
2021 жылы кәсіпорынның жоспары көп.
«Біз 2021 жылы өңір бойынша металл өнімдерін өндіру бойынша жетекші орынға шығып, бұйымдар түрін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Болашақта LOFT стилінде өнімдер шығарғымыз келеді», - деді кәсіпкер