Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Антикор » Мемлекеттік қызметшінің әдебі — қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметшінің әдебі — қоғам айнасы

31 Мамыр 2021

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «Өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметті атқарушы тұлғаларға арналған қызметте және одан тыс, белгілі-бір мінез-құлық стандарттары бар. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

Сондықтан, қызметтік этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшінің жеке бет бейнесін көрсететін айна екенін ұмытпауымыз қажет. Мемлекеттік қызметші халық пен мемлекет арасындағы көпір іспеттес. Кез келген мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Бейсбеков Азат

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бас маманы