Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Жас қылқалам шеберлерінің байқауы

Жас қылқалам шеберлерінің байқауы

10 Қыркүйек 2021

Жуырда қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазахстан халқы тілдер күніне орай, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі және қалалық жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Тіл және Тәуелсіздік» атты қалалық көрме-байқауы болып өтті.

Бұл көрме-байқауына Қапшағай қаласы мен аймағының мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты - суретшілер көзімен бейнелеу өнері арқылы мәдениетіміз бен руханиятымыздың маңызын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, қазақстандық патриотизмді, тілге, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. өнерсүйер қауымға насихаттау,

Көрмеге қойылған жас қылқалам шеберлерінің «Тіл және Тәуелсіздік» тақырыбына арналған туындыларында мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілінің өткені, бүгіні мен келешегі суреттелген.

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында тіл туралы оңды көзқарас қалыптасқандығын көркем туындыға арқау еткен жас суретшілердің байқау қорытындысында бірінші орынға Ы. Алтынсарын атындағы №1 орта мектеп оқушысы Раяна Бойсаева ие болды. Екінші орынды Заречный ауылы №12 орта мектеп оқушысы Алихан Самтов пен орта мектеп гимназия оқушысы Бекжан Медербекұлы еншіледі. Жүлделі үшінші орынды №7 орта мектеп оқушысы Шыңғыс Әбілғазы мен №9 орта мектептің оқушысы Артем Белкин өзара бөлісті.

Қалалық байқау жүлдегерлерінің үздік суреттеріне Талдықорған қаласында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өтетін облыстық байқауға жолдама берілетіндігін атап өткен жөн.

М. ДЮСЕМБЕКОВ,

қалалық мәдениет үйінің директоры