Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Жүктелген міндеттерді орындауға атсалысамыз

Жүктелген міндеттерді орындауға атсалысамыз

29 Сәуір 2021

28 сәуір күні еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» деген тақырыптағы 29-сессиясы онлайн форматта болып өтті. Жиынға қашықтан 600-ден астам адам қатысты. Сессияның салтанатты түрде ашылуында сөз сөйлеген Елбасы тәуелсіз еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерге тоқталып өтті. 30 жыл бұрын көпұлтты, көпконфессиялы халқымыздың еліміздегі бірлікке, бейбітшілік пен келісімге қарай жылжу үшін іргелі таңдау жасағандығын айтқан Тұңғыш Президент Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды.

Сессия барысында Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелгендігін, Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиістігін және екінші жағынан Мемлекет басшысының да Ассамблеяға арқа сүйейтіндігін тілге тиек еткен Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағалығының тізгінін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблеяны басқару өте жауапты жұмыс, үлкен саясат екендігін, сондықтан осы жауапты міндетті жауапкершілікпен атқаратындығын айтқысы келетіндігін айта келе, Елбасыға Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды ұсынды

Тәуелсіздікті, елдегі татулық пен келісімді күшейтуде Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі айрықша екендігі даусыз. Осы орайда Қапшағай қалалық қоғамдық келісім кеңесінің қала мен аймақтағы өзге ұлт өкілдерімен етене қараым-қатынас жасап, қаладағы славян, кәріс, ұйғыр этно-мәдени орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқандығын атап өткенді жөн санап отырмын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға бірқатар жаңа міндеттер жүктегені белгілі. Алдағы уақыттарда аталған міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды Қапшағай өңіріндегі этно-мәдени бірлестіктермен бірлесіп орындайтын боламыз.

Амангелді БЕСПАЕВ,

Қапшағай қалалық қоғамдық

келісім кеңесінің төрағасы