Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Президенттік жастар кадр резервіне тіркелудің аяқталуына 10 күн қалды

Президенттік жастар кадр резервіне тіркелудің аяқталуына 10 күн қалды

21 Қыркүйек 2021

Президенттік жастар кадр резервіне құжаттарды қабылдау 30 қыркүйек күні аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған ауқымды жоба биыл екінші рет өткізілуде. Іріктеу нәтижесінде республика бойынша 50 азамат резервке алынады. Осы айдың 1-күнінен бастау алған құжаттарды қабылдау кезеңіне еліміздің 2000-нан астам жастары қатысуға ниет білдірген.

Негізгі талаптары да қиын емес. Кандидаттың жасы 35-тен аспауы тиіс, кемінде 5 жыл еңбек өтілі және жоғары білім болуы қажет. Бұдан бөлек, мемлекеттік тілді меңгеруі «орта деңгейден» (В1) төмен болмауы тиіс.

Тиісті құжаттарды жүктеу және жобаға қатысуға өтініш білдіру арнайы әзірленген онлайн платформа (pkrezerv.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Іріктеудің негізгі кезеңдері 2 қазаннан бастау алады және ол туралы толық ақпаратты pkrezerv.gov.kz сайтынан немесе pkrezerv.gov.kz инстаграмм парақшасынан оқып, танысуға болады.

Егер, сен еліміздің дамуына өз үлесіңді қосқың келсе, онда жобаға қатыс. Өзіңе берілген мүмкіндікті жіберіп алма!

С.Тараков, ҚР Мемлекеттік қызмет істерігі агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы