Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Пандемия Қазақстанда жеке жылжымайтын мүлік нарығын жандандырды

Пандемия Қазақстанда жеке жылжымайтын мүлік нарығын жандандырды

26 Сәуір 2021

Алматы, 26 сәуір, 2021.  Olx.kz сервисінің талдаушылары қазақстандықтар арасында меншікте жылжымайтын мүліктің болуы, жеке тұрғын үй сатып алу ниеті және тұрғын үй ауданын жөндеу және әрлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырудағы артықшылықтар туралы сауалнама жүргізді. Ескерерлік жайт, респонденттердің 64%-дан астамы пәтерде емес, жеке үйде тұруды жөн көреді, бұл үрдісті сервис талдамы да растайды: "үй" кілт сөзі бойынша сұраулар саны коронавирустық пандемия басталған кезеңнен бастап алдыңғы жылдармен салыстырғанда тез өсуде. Бәлкім, эпидемияға және өзін-өзі оқшаулауды сақтау қажеттілігіне байланысты көптеген қазақстандықтар жекелеген үй шаруашылықтары (жеке үйлер) түріндегі жылжымайтын мүлікті сатып алу мүмкіндігі туралы ойланған шығар.

"Сізде немесе Сіздің отбасыңызда қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік бар ма?" сұрағына респонденттердің 62%-ы оң жауап берді. Әзірге жеке меншікке жылжымайтын мүлік алмаған қазақстандықтардың 54%–ы осындай мүмкіндікті қарастырса, 36%–ы тұрғын үй сатып алуды жоспарламайды, ал 10%-ы жалға берілетін тұрғын үйге басымдық береді. Бастапқы және қайталама тұрғын үйлерді таңдау мәселесі біздің отандастарымыз үшін аса маңызды емес, мәселен, тек 12%–ы ғана бастапқы немесе қайталама тұрғын үйді таңдауды қадала таңдайды, 76%-ы екі нұсқаны да қарастырады.

Пандемияның ықтимал экономикалық салдары - жөндеу және әрлеу жұмыстарын жүргізу кезінде фокустың өзгеруі. Қазақстандықтардың басым көпшілігі құрылыс бригадасының қызметтеріне және дизайн-жоба бойынша шеберді тартуға ақша жұмсауға дайын емес. Сауалнамаға қатысқандардың 45%-ы өз күшімен жөндеу жүргізуге ниетті, 17%–ы дизайн-жоба опциясын қарастырады, 16%-ы құрылысшыларды жалдауға дайын, 22%-ы дайын жөндеуі бар тұрғын үй іздейді.

Қазақстандықтардың өз бетінше жөндеу жұмыстарын, ықтимал шамада, өз үйінің құрылысын жүргізуді қалайтынын растайтын тенденцияға сүйене отырып, Olx.kz сервисі OLX Stroyka арнайы жобасын іске қосты – бұл үйді немесе пәтерді іздеу мен салудың барлық кезеңдерінде қазақстандықтар үшін үй салу, жөндеу жұмыстарын жүргізу, мердігерлерді таңдау, жылжымайтын мүлікке құжаттарды дұрыс ресімдеу мәселелері және басқа да көптеген кеңестер туралы жеке гид.