Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Ел таныған қария

Ел таныған қария

29 Сәуір 2021

«Елу жылда ел жаңа» демекші, күні кеше ғана елу жылдығын тойлап өткен шағын да  жас  қала - Қапшағай қаласында тұратын ақсақалдар саны да жыл өткен сайын азайып бара жатыр десек те болады. Қала кезінде шағын да жұпыны  «екі шағынаудан мен поселкесі бар» адам саны да  шамалы  болатын. Қала тұрғындарының көбісі бұрынғы Ілеліктер болса біразы сырттан келген құрылысшылар болатын. Қазақстан егемендік алып, СССР ыдырау шағындағы қиындыққа байланысты жан жақтан көшіп келген елдің саны жылдан жылға ұлғайып қала көлемі де адам саны да өсуде.Осындай өзгерістермен бірге ескінің бірі кетіп, бірі қарттық ғұмыр кешіп жатқан жайы бар. Бұл өмір заңы оған өкпе жоқ.
Осындай өмір ағынында ел ортасында өз тіршілігін жаңа бағытта дөңгелетіп жүргізіп жатқан қарапайым, салмақты да салауатты, өз еңбегін саудаға салып абырой мен атақ сұрамайтын  иман жүзді ,  осы қалаға 55 жыл еңбегі сіңген  ақсақал  Тұрсұнов Абдұлла қажыны көпшілік біле бермейді.
Ол кісі жұбайы Жаннат екеуі 1966 жылы  ГЭСтің алғашқы ірге тасын қалаушылармен  бірге келген көл ұлттың, соның ішінде ұйғыр ұлтының алғашқы көш басшылардың бірі болды.
«Аптап ыстықта айдалада көшпелі қазанға от жағып, уақытша қойылған асханада ас мәзірін даярлап, ескі Іле поселкесінен азық - түлік тасып, жұмысшыларға тамақ даярлау жас ерлі зайыптылар үшін аса қиындық тудырған жоқ»- дейді атай сол кездерін еске ала отырып. «Ол кезде  жел соқса құмы суырылып, көз аштырмайтын кең байтақ ен далада электр станциясы салынып, су қоймасы мен жаңа қала бой көтереді , онда біздің де үлесіміз болады деген ой бізді еліктіріп, бойымызға мақтаныш ұялататын.  Міне, өмір қамшының сабындай демекші сексеннің сеңгіріне келіп,сол кездегі арманымыз орындалып, бүгін шындыққа айналып отырғанына көзіміз жетіп отыр.» –дейді  кулімсіреп ақсақал.
Абдұлла қажы жастайынан еңбекқор, өмірге деген талпынысы мол адам. Оған  өмір талабына сай қазіргі тұрмысы айғақ бола алады.Қазіргі заманда  бизнеске жол ашылып,әр адам өз мүмкіншілігіне сай  жаңа кәсіби орындар ашып, ел экономикасына  үлесін қосып жатыр. Біздің Абдулла ака да  сол кәсібі бойынша бірнеше тамақтану орындарын ашып, ұлы Алшынмен бірге қала халқына қызымет етуде.
Осы қалада төрт бала дүниеге әкеліп, оларды тәрбиелеуде,  өмір  жолдарын  таңдауда өз болмысымен,еңбекқорлығымен үлгі бола алды. Бұл күнде Абдулла қажы қыздарын қияға ұлын ұяға қондырып, 3 қыз 1 ұлдан 8 немере,15 шөбере сүйіп отыр.
Абдулла қажының еңбегі қала басшылығы тарапынан бағаланып, Қапшағай қаласының 50 жылдық төсбелгісімен марапатталып, өкімет тарапынан көптеген марапаттау құжаттарына ие болды.Ол қаламыздағы ұйғыр  жамағатының ғана құрметтіне бөленіп қоймай қазақ орыс жұртының сый құрметіне бөленген  азамат.Қаламыздағы мәдениет бөлімінің ұйғыр орталығымен тығыз байланыста.  Ұйғыр мәдениет орталығыныңа басшылық ететін  Нұранова Рисалят  Саттарқызы Абдулла қажы өмір жолы туралы естеліктер жинап,ол кісіге арнайы орын бөліп отыр. Абдулла аканың өкше басар бауырлары Бакиев Алымжан, Садиров Абдували, Абитов Айнидин, Мамиров Токтасындар үшін өте ардақты да ұлттық құндылықтың қайнар көзіндей биік қошеметтегі адам Абдулла қажыға жан жолдасы Жаннаттың орнын жоғалтпай отбасының ұйтқысы болып ел ортасында құрмет пен қошеметке бөлініп жүре берсін дегім келеді.  


Дәметкен НҮСІПБЕКОВА,
еңбек ардагері