Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Бюджеттің атқарылуы сөз болды

Бюджеттің атқарылуы сөз болды

29 Сәуір 2021

Жақында Қапшағай қалалық мәслихатының 7-шақырылымының кезекті 6-сессиясы «ZOOM» платформасы арқылы болып өтті.
Сессияға Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Сағымбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Бағдаулет Үстенов, қала әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, қала әкімі аппаратының қызметкерлері мен оның құрылым-дық бөлімшелерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 2020 жылға арналған Қапшағай қаласы және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы, Шеңгелді ауылдық округі әкімінің 2020 жылы және 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы есептері, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалалық ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгертулер енгізу туралы сұрақтар қаралды.
Сессия барысында қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ельжаз  Лепесбаевтың «2020 жылға арналған Қапшағай қаласы және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы» баяндамасы тыңдалды.
Одан кейін сөз   Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Серік  Шеңкебаев пен Заречный ауылдық округінің әкімі Қайрат  Умаров ауылдық округтердің 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп берді.
 Сонымен бірге  Алматы облы-
сы бойынша тексеру комис-сиясының мүшесі Қуаныш Сағым-баев 2020 жылға арналған қапшағай қаласы мен ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі  есептерге аудиторлық қорытынды туралы сөз сөйледі.
  Келесі кезекте «Шеңгелді ауылдық округі әкімінің 2020 жылы және 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы» ауылдық округтің әкімі Серік Шеңкебаев баяндама жасады. Серік Жамалбайұлы өткен жыл ішінде ауыл көшелері, арық жүйелері жөндеуден өтіп, балалар алаңдары салынып, аулалар абаттандырылғандығын, Шеңгелді ауылындағы №6 орта мектептің стадионы жөнделіп, Қосқұдық, Тасқұм, Бөктер, Құлан-Төбе станцияларының сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғандығын тілге тиек етті.
Баяндама  аяқталғасын  ауыл-
дық округтің әкімі Серік Шеңке-баевқа қалалық  мәслихат  хатшы-
сы  С. Нұрсолтанова, қалалық  мәслихат депутаты Е. Қашағанов және тағы басқа бірқатар қатысу-шылар  өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Қалалық мәслихаттың келесі сессиясының төрағалығына  депутат Съезбек Ақылтаевтың кандидатурасы ұсынылып, бұл ұсынысты халық қалаулылары бірауыздан мақұлдады.

Айжарық БАҚТЫБАЙҰЛЫ