Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасты

Ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасты

10 Маусым 2021

Өткен жұма күні қала әкімі Нұрлан Құматаев Қапшаға қала-сына қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы Сарыбұлақ ауылына атбасын бұрып,  №8 орта мектептің мәжіліс залында  ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуді кіріспе сөзбен ашқан қала әкімі Нұрлан Құматаев ауыл тұрғындарын алаңдатқан мәселелермен танысып,  ол мәселелердің  шешілу жолдары жайын талқылап, жергілікті халықпен ашық сұхбаттасып, ұсыныс-пікірлерін білу мақсатында келіп отырғандығын атап өтті.
Нұрлан Орынбасарұлы алда-ғы уақытта ауылды дамыту бағы-тында істелінетін істер жайлы жан-жақты  ақпарат бере келе, біраз қаражаттың ағымдағы жылы қатты соққан желдің салдарынан  зақымданған осы ауылдағы ауылдағы мектеп пен ФАП-тың шатырларын жөндеуге кеткендігін де тұрғындардың естеріне сала кетті.
Басқосу барысында ауыл тұрғындары жол мен интернет қызметінің нашарлығы,  почта бөлімшесі мен дәріхана  жоқтығы,  ФАП-та бір ғана медициналық қызметкер жұмыс істейтіндігі, көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару, аяқ су болмағандықтан аулаларындағы бақшаларын ауыз сумен суаратындықтарының салдарынан ауыз судың қысымы төмендеп кететіндігі  секілді мәселелерді көтерді.
Қала әкімі Нұрлан Орынбасаров аталған мәселелердің өзектілігін атап өтіп,  оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында жұмыстар жасалатындындығын, ауылға кіреберіс және ауылішілік көшелердің бірқатарына орташа жөндеу жұмыстарының сметасын жасауға тапсырма беретіндігін, көшелерді жарықтандыру бойынша да жұмыстар қолға алынатындығын, бұзылып тұрған бұрынғы балабақша ғимаратының сүріліп, орнына басқа нысандар салынатындығын жеткізді.
Жайылымдық жерлердің тапшылығын алға тарта сөйлеген ауыл тұрғыны Амангелді Асылтай әлдекімдердің Кеңес Одағы кезінен қалған құбырларды қазып алып кеткен орнындағы шұңқырларға малдардың түсіп кетіп жататындығын айтты.
Қала әкімі кейбіреулердің  кезінде ұзақ мерзімге ауқымды жерлерге ие болғанымен, бүгінде оны пайдаланбай отырғандығын, сондықтан заңға  сүйене отырып, игерілмеген жерлердің қайтарылатындығын айта келе, жайылым мәселесінің 6 айда шешілетіндігін жеткізіп,  бұл мәселе бойынша қалалық жер бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Осы елдімекеннің тағы бір тұрғыны Бақытжан Болысбекұлы мектептің спортзал ғимаратының тозығы жетіп тұрғандығына қала әкімінің назарын аударды. Шахар басшысы спортзал ғимаратын «Тұрғын үй» ЖШС-ның қызметкерлері келіп көретіндігін  жеткізді.  
Сонымен қатар, сарбұлақ-тықтар қала әкімінен құрылыс жұмыстары 80 пайыз бітіп тұрған мешіттің құжаттарын рәсімдеуге, бұзылған үйлердің орындарындағы үйінділерді тазартуға, субсидия алуға, құбырларды тазалауға, пияз, картоп секілді көкөніс өнімдерін салатын тор қап шығаратын цехтың қайта ашылуына ықпал жасауын сұрады.
Ауыл тұрғындарының сұраны-
сына сәйкес қала әкімі Н. Құматаев ауылға арнайы келіп, жеке қабылдау өткізетіндігін айтып, осы қабылдауды ұйымдастыру бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
Кездесу соңында ауыл тұрғын-дары арнайы келіп, елдімекеннің түйткілді  мәселелерімен танысып,
шешілу жолдары жайын халықпен бірге талқылап,  алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар туралы жоспарларымен бөліскен  қала басшысын бірінші рет көріп тұрғандарын,  Қапшағай қаласының бұрынғы әкімдері тарапынан  бұған мұндай қадам жасалмағандығын айтып, қала әкімі Нұрлан Құматаевқа ризашылықтарын білдірді.

Айжарық БАҚТЫБАЙҰЛЫ