Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Әділеттілік пен патриотизмді дәріптеген ақын

Әділеттілік пен патриотизмді дәріптеген ақын

09 Маусым 2021

Ағымдағы жылы қазақ халықының ауыз және жазба әдебиетінің қара нары, ұлы жырау, қазақ поэзиясын бүкіл әлемге паш еткен жыр алыбы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне 175 жыл толып отыр.

Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде туған. Ол қобыз бен домбыра тартуды анасы Ұлданнан үйренген. Бала кезінен өзінің поэзияға деген қызығушылығын сезініп, «Қобыланды», «Алпамыс» эпостарынан, қырғыздың «Манас» эпосынан, «Рүстем туралы аңыз», «Көроғлы» шығармаларынан үзінділер орындаған. «Менің пірім - Сүйінбай...» деп өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған.

Айтысқа қатысқан Жамбыл жас кезінен кең танымал болды. Жас ақын өзінің суырып салма өнері арқылы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін қозғады, халықтың мұң-мұқтажын сөз етті, заңсыздықты сипаттады, бостандық үшін күресуге шақырды. Жамбылдың домбырасының үнінде қазақ халқының шынайы дауысы естіледі. Ол халық туралы, тек халық үшін ән салды. Жамбыл шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, КСРО-да, шетелдерде үлкен басылымдарда жарық көрді. Жамбылдың шығармашылығы күні бүгінге дейін өзектілігін жоймай, қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік әдебиет сыншыларының зерттеу объектісі болып келеді. Ақынның шығармалары әлемнің 50-ден астам тілдеріне аударылған.

Жамбыл ұзақ әрі мәнді өмір сүрді. Ол әрқашан адамдарға қуаныш пен бақытты болашаққа үміт сыйлау жолында өз кәсібіне адал болды. Қазақ халқының поэтикалық өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Ол бүкіл өмірін жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға, әділеттілік пен патриотизмді дәріптеуге арнады. Оның мұрасы – қазақ халқының өмір тарихының айнасы. Оның көптеген әндерінің мәтіндері жоғалып кеткен.

Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген.

Жамбыл Жабаев 1919 жылы Жетісу (Семиречья) халық ақындарының жиынына, 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетіне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1938 жылы Ж.Жабаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жазушылар одағының мүшесі болған. 1941 жылдың көктемінде ақынға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбылдың патриоттық шығармалары бүкіл елде шырқалды. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі поэзияда Ж. Жабаевтың Отанды қорғау және халықтар достығы тақырыбындағы шығармалары басты орын алды. Ол төрт жыл бойы сарбаздар, гвардияшылар, Мәскеу мен Ленинград қалалары туралы шығармаларын тарту етіп отырды. «Ленинградтық өрендерім!» өлеңі бүкіл әлемге таралды. Осы туындылардың көпшілігі патриоттық поэзияның нағыз жауһарлары болды.

Ж. Жабаевтың ақындық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына енгізілді. «Жамбыл - біздің дәуіріміздің ең жарқын әрі дарынды әншісі», - деп жазды ол туралы қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезов. Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Николай Тихонов Жамбылды: «Өз халқының ар-намысы, дауысы, жүрегі мен шынайылығы» деп атады.

Жамбыл Жабаев 1945 жылы 22 маусымда 99 жасында қайтыс болды. Қазақстанның көптеген қалаларында және ТМД елдерінде ақынның құрметіне көшелерге, мектептерге оның есімі беріліп, мүсіндері мен ескерткіштері орнатылған.

Камила АЖБАНБЕТОВА,

Акбота балабақшасының тәрбиешісі