Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » Үйлестіру кеңесі құрылады

Үйлестіру кеңесі құрылады

03 Маусым 2021

Қапшағай қаласындағы ардагерлер ұйымдарының үйлестіру кеңе-сін құру жөнінде алғашқы жиыны болып өтті. Жиынға  Ауған соғысы мен Тәжік-Ауған шекараларындағы әскери әрекеттер мен Ирак респуб-ликасындағы бітімгерлік миссиясына қатысқан ардагерлер бас қосты. Отырысты қалалық Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Қанат Молдабергенов ашып, жүргізіп отырды.
Жиынға қатысушылар үйлес-тіру кеңесінің ережесі мен құры-лымын бекіту үшін жұмыс тобын құру жөніндегі өз ойларын ортаға салып, ардагерлерге қатысты қазіргі таңдағы ең өзекті деген мәселелерді талқыға салды. Тәжік-Ауған шекараларындағы әскери әрекеттер мен Ирак республикасындағы бітімгерлік миссиясы ардагерлер одағы филиалының төрағасы Серік Сәрсембаев пен Ауған соғысы ардагерлер одағы төрағасының орынбасары Виктор Михаилович Рощин үйлестіру кеңесін құру- ардагерлердің өзекті мәселелерін бірлесіп талқылауға, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесін жергілікті жерде реттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен бірге 2020 жылы қабылданған «Ардагерлер туралы» Заңда соғыс ардагерлеріне берілетін жеңілдіктер мен олардың туған-туыстарына көрсетілетін көмек ауқымы кеңейе түскенін жеткізді.
Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаты  аға буынның әлеуметтік-экономикалық, азаматтық құқық-тарын қорғауды қамтамасыз етуге,
материалдық  әлеуетін,  тұрғын үй,
тұрмыс, медициналық, мәдени және басқа жағдайларын жақсар-туға, сондай-ақ жастарды патриот-тық тәрбиелеуге, еңбекке баулуға және ұйым қатарына ардагерлерді көптеп тартуға бағытталған. Сон-дай-ақ жастарға ұлттық тәрбиенің дұрыстығын, батыстық тәрбиенің терістігін түсіндіруге атсалысу, ата жолын сақтап, адал еңбек етуге баулу, өнегелі тәрбие беру  сияқты нақты міндеттер белгіленіп отыр.
Үйлестіру кеңесінің төрағасын сайлау маусым айында өткізілетін келесі жиынға қалдырылды. Оған дейін жиын барысында келіп түскен ұсыныстар мен пікірлерді жинақтау ардагерлер ұйымдарының төрағаларына тапсырылды.

Зарыққан ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ,
қалалық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы