Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Қоғам » ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

30 Сәуір 2021

Әлеуметтік желілерде экстремистік ұйымның идеяларын қолдайтын жеке тұлғалар Талдықорған қаласында заңсыз митинг пен шеруге қатысуға шақырулар таратуда. Осыған байланысты, Алматы облысының прокуратурасы митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) реттелетінін ескертеді. Нақты айтқанда, жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған. Оларды өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда беріледі. Онда бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі (Заңның 10-бабы). Аталған хабарламаны жергілікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс (Заңның 11-бабы). Осы 3 күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы. Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі. Ол үшін ұйымдастырушы оның өткізілетін күніне дейін 10 жұмыс күн бұрын өтініш беруге, ал жергілікті атқарушы орган ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары). Ұйымдастырушы өтініште қатысушылардың жүру бағытын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді (Заңның 12-бабы). Өтінішті қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган ұйымдастырушыға демонстрация немесе шеру өткізу келісілгені не оны өткізуден бас тартқаны туралы хабарлайды (Заңның 13-бабы). Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде арнайы жерлерде және қалалық, аудандық мәслихаттармен белгілеген маршрут бойынша ұйымдастырылуы және өткізілуі тиіс. Алайда ұйымдастырушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламалар мен өтініштер бермеген немесе олар бойынша келісуден бас тартылды. Сонымен қатар, қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған ұйым бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бола алмайды (Заңның 5-баптың 6-тармағы). Тиісінше, Заңды (3-баптың 3-тармағын) бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (25 тәулікке дейін қамауға алу). Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді. Бұдан басқа, «Сovid-19» коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 сәуіріндегі «Шектеу және карантин іс - шараларын қатаңдату шаралары туралы» қаулысымен белгіленген адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге салынған тыйым әлі де қолданыста екендігін еске саламыз. Оны сақтамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 425-бабы – Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу – 30-дан 200 АЕК-ке дейін айыппұл) және қылмыстық (ҚК-нің 304-бабы – санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына әкеп соққан бұзу – 2 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін) жауаптылық көзделген. Алматы облысының прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады. Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады. Облыc прокуроры А. Жылқыбаев