Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Білім » Жазғы мектеп жұмысына кірісті

Жазғы мектеп жұмысына кірісті

27 Мамыр 2021

Мәресіне жеткен оқу жылы барысында әлемді әбігерге салған пандемияға  байланысты енгізілген шектеу шараларының салдарынан оқушылардың басым бөлігі қашықтықтан білім алғаны баршаға белгілі. Алайда, қашықтықтан оқыған оқушылардың  арасында негізгі пәндер бойынша күрделі тақырыптарды жеткілікті дәрежеде игере алмай қалатындарының болмай қалмайтындығын да ешкім теріске шығара қоймас. Қашықтықтан білім беруде ұшырасатын осындай олқылықтардың  орнын толтыру мен мектеп жасындағы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау, білімнің сапасын арттыру, осы оқу жылын-
дағы шектеу шаралары кезінде босаңсыған білімдерді толық-тырып,   негізгі  пәндер  бойынша
тиісті оқу материалын  оқушы-лардың білуін қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі барлық білім ұяларында 26 мамырдан бастап жазғы мектептер ашылды. 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың бағдарламасы мен міндетті білім беру стандарт-тарында көзделген талаптар негізінде өз жұмысын үйлестіріп келе жатқан Қапшағай қалалық Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектепте де жазғы мектеп жұмысын бастады.  
Білім ошағында жазғы мектеп-
тің ұйымдастырылуы жөнінде мектеп директоры Зәмзәгүл Төлен-динаның  бұйрығы  шығып,   білім
алушылардың оқу жетістіктеріне диагностика жасалып,  жұмыс жасау жоспары мектеп директоры тарапынан бекітіліп, сынып-комплектілердің,  оқушылар   мен  
оқу пәндерінің тізімдері жасақ-талды. 19 маусымға дейін жалға-сатын жазғы мектепте үлгерімдері төмен оқушыларға баса  көңіл бөлінеді оқушылардан мектеп фор-
масы талап етілмейді. Оқушылар жазғы мектеп жұмы-сына өздеріне ыңғайлы, ұқыпты киім киіп, қатыса береді.  Мектепте орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлары мен уақытша сынып журналдары дайындалды. Бүгінгі күні білім ордасында 535 оқушы ата-аналардың өтініштері негізінде жазғы мектепке оқытылуда.
Үш аптадан аса уақытқа созылатын жазғы мектептегі  сабақ-
тардың барлығы  ақысыз негізде өткізіліп, оған ерікті түрде кез кел-
ген оқушы қатыса алады. Оқушы-ларға үйге тапсырма берілмейді.  Сабақ беретін мұғалімдердің кезекті еңбек демалысы 19 маусымнан кейін беріледі, мұғалімдер ағымдағы оқу жылына бекітілген жүктеме шеңберінде жұмыс істейді.
Тәмамдалған оқу жылында пән мұғалімдері  «Онлайн-мектеп», «Күнделік.кз» платформаларының қыр-сырын меңгере отырып, қашықтықтан оқыту бағытындағы тәжірибелерін арттырып, шебер-ліктерін  шыңдай  түскендігі анық.
Сондай-ақ, аз қамтылған, көпба-лалы, толық емес, жетім, жартылай жетім тағы сол секілді санаттарға жататын отбасылардан шыққан  оқушыларға оқу жылының аяғына дейін ноутбуктер, компьютерлер, планшеттер,  модем-роутерлер, смартфондар уақытша пайдалануға берілдігендігі қашық-тан оқытуды толықтай талап деңгейінде ұйымдастыруға септігін тигізгендігін атап өткен жөн.
Оқу жылын аяқтау шаралары мектептің пандемия кезіндегі мүмкіндігіне сәйкес, санитарлық талаптар сақтала отырылып, ұйымдастырылды. Алдын ала мектеп әкімшілігі қамқоршылық кеңеспен бірлесіп ата-аналар және педагогтар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Гүлмира АМАНГЕЛДІ,
Қасым Қайсенов атындағы
№4 орта
 мектеп директорының
орынбасары