Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Білім » Түлектердің білімдері сараланатын сынақ

Түлектердің білімдері сараланатын сынақ

03 Маусым 2021

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсет-
кіші білім деңгейімен өлшенеді. Мектеп түлектерінің білім ордасы-ның қабырғасында 11 жыл бойы алған білімдері ҰБТ сынағы арқылы сараланады. Биылғы Ұлттық бі-рыңғай тестілеуде бірқатар оң өзгерістер мен өзгешеліктер бар. Тестілеудің электронды форматы «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша тестілеу компьютерлермен жабдықталған «U-FUTURE»-да өткізіледі. Сондай-ақ биылғы коронавирус пандемиясына байланыс-ты санитарлық талаптарға сәйкес оқушылар бетпердемен кіргізіліп, әлеуметтік қашықтық сақталады.
2020-2021 оқу жылында Қасым Қайсенов атындағы № 4 орта мектепті 43 түлек бітіреді. Солардың арасынан 28 мектеп бітіруші  Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңіне қатысты. Орташа балл 82,7 пайыз болды. Ең жоғарғы көрсеткішке  125 балл жинаған, «Алтын белгіден» үміткер Ақбота Салибай ие болды. Одан кейінгі орындарды  да «Алтын белгіден» үміткерлер иеленді. атап айтқанда, Әсем Жалғас 113 балл жинаса, Салия Русланқызы 110 балл жинады. ҰБТ-ның екінші кезеңіне  Қасым Қайсенов атындағы № 4 орта мектептің 26 түлегі қатысуға ниеттеніп отыр.
Мемлекеттік білім грантын тағайындау туралы конкурсына қатысу екі лектік ретпен жүргізіледі. Яғни әрбір мектеп бітірушінің тест жұмысына екі рет қатысып, соның ішіндегі жоғары ұпай санын таңдауына мүмкіндік беріліп отыр. Жалпы, мемлекеттік гранттан үміткер барлық мектеп бітіруші түлектер тест жұмысын компьютер негізінде тапсыратындықтан, нәтижесімен бірден таныса алады. Нәтижемен келіспеген жағдайда 30 минуттың ішінде аппеляцияға бере алады. Сондай-ақ тест аяқталғанға дейін оқушы жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарын түзетуіне де болады.

Айгүл ҚАНИЕВА,
 Қ. Қайсенов атындағы
 №4 орта мектеп директорының орынбасары