Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Білім » Соңғы қоңырау – қимас сәт

Соңғы қоңырау – қимас сәт

27 Мамыр 2021

Әр бозбала мен бойжеткеннің өмірінде есте қаларлық сәттің бірі – соңғы рет соғылған күміс қоңырау үнін естір шақ. Бұл қоңырау балалық шақтан үлкен өмірге қадам басудың арасындағы алтын көпір іспеттес. Биылғы оқу жылы «тәж» тажал індетіне байланысты онлайн өтсе де, түлектердің болмысындағы ішкі сезімдер арпалысы, қимастық, тарыдай болып табалдырығын аттаған алтын ұя қабырғасындағы қызығы мол болған кездерге деген сағыныш  бәрі де өзгеріссіз қалғаны анық.
Биылғы жылы орта мектеп-гимназияның тәжірибелі ұстаз-дары  Альбина  Оразбаева  жетек-
шілік  ететін  сыныптан  22,  Зияда
Бердісүгірова жетекшілік ететін сыныптан 18, Мариям Аңсаған шектеулерге ететін сыныптан 26 оқушы түлеп ұшқалы тұр екен. Мектеп мерейін үстем етіп,   ұстаздар-
дың үкілеген үмітін ақтағалы отырған 7 «Алтын белгі» үміткер-лері және 1 «Үздік аттестат»  үміт-кері бар.
Қапшағай қаласындағы орта-мектеп гимназиясының қақпасынан ішке енгенімізде, көзімізге бірден қызылды-жасылды ленталармен, түрлі шарлармен безендіріліп, сәні келіскен мектеп ауласы түсті. Жылдағыдай емес, карантиндік шараларға байланысты адам қарасы да аз. Салтанатты жиынға
мектеп түлектері мен мұғалім-дермен қатар, ардагер ұстаздар құрметті қонақ ретінде қатысты. «Сәт сапар, жас түлек!» атты мерекелік шара ардагер ұстаз-дарды таныстырып өтумен ашылды.  
Түлектердің жеке жетістіктері таныстырылғаннан кейін олар сынып жетекшілерімен бірге  ардагер ұстаздарға сәлем беріп, гүл шоқтарын ұсынды. Алғашқы сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы Ержанова Гүлзат Тағанбайқызына берілді. Ол мектеп бітіруші түлектерге ыстық лебізін білдіріп, алдағы қорытынды аттестаттау мен ҰБТ сынағынан сүрінбей өтулеріне ақ жол тіледі.
Түлектер атынан сөз алған «Алтын белгі» төс белгісінен үміткер Балжан Мұхамед  әлемдік пандемиядан сақтану нәтижесінде ұйымдастырылған онлайн оқу жүйесінде білім алудың жан-жақты қырын үйретіп, қалалық білім бөлімінің, ұстаздарының материалдық-моральдық қолдауы-ның арқасында еш кедергісіз сапалы білім алғандығынын айта келіп, ұстаздар қауымына түлектердің атынан жүрекжарды алғысын жеткізді.  
Ортаға  шыққан  мектеп бітіру-
шілер  алдағы армандарымен бө-
лісіп, аспанға көгершін құсын ұшырды.  Салтанатты  жиын   сың-
ғырлата соғылған күміс қоңы-раудың  үнімен қорытыланды.  

Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ