Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Білім » Республикалық акция аясында

Республикалық акция аясында

27 Мамыр 2021

Бүкіл әлемде 1маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні  ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. 1949 жылдың қараша айында Францияның астанасы Париж қаласында әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының сессиясы  өтіп, онда  әлем жұртшылығының назарын еріксіз өзіне аударған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі көптеген балалардың қараусыз қалғандығы,  олардың денсаулығы, көз жасы мен зары,  бақыты мен әлем тыныштығы секілді мәселелер айтылып,  1  маусымды  Балаларды қорғау күні  ескі халықаралық күні ретінде атап өту жөнінде шешім қабылданған.  Бұл мейрам 1950 жылы тұңғыш рет мерекеленді.  БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Біздің елімзде де жайдарлы жаздың алғашқы күні Халықаралық балаларды қорғау күнімен басталады. Жыл сайын жер-жерде осы мейрамға  арналған мерекелік іс-шаралар өткізілу үрдіске айналған. Сондай мерекелік шаралардың бірі осы мейрам қарсаңында Қапшағай қалалық Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектепте болып өтті. Іс-шараның мақсаты - балаларды әлеуметтік қолдау және қорғау, төтенше жағдайлардың  салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету. Мерекелік басқосуға осы мектептің мүмкіндігі шектеулі, үйден окитын оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Білім ордасының мәжіліс залында өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала - бақытты ел» атты  республикалық  акция аясында  офлайн форматындағы мерекелік іс-шараны  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Несіпбаева кіріспе сөзбен ашып, қатысушы балаларды мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Шара барысында Астана каласындагы Қазақстан Республикасының мемлекеттік муражайына  онлайн саяхат жасалып, «Бақытты бала-бақытты ел» республикалык акциясы шеңберінде «Балалар –балаларга» деген тақырыпта сурет және қолөнер байкауы өткізілді.
Іс-шараны қорытындылаған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Несіпбаева аталған шараға қатысқандықтары үшін мүмкіндігі шектеулі, үйден окитын оқушыларға грамоталар табыстап, осы білім ұясының мұғалімдерінің демеушілігімен тағайындалған сыйлықтарды тарту етті.

А. НҮСІППАЕВА,
 Н. ТАШКЕНОВА,
Қ. Қайсенов атындағы №4 орта мектептің
 логопед-дефектолог мұғалімдері