Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Білім » Балалар әдебиеті бөлмесі ашылды

Балалар әдебиеті бөлмесі ашылды

10 Маусым 2021

Биыл елімізде кітап оқуды қолдауға бағытталған «2021 жылы -  Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жарияланды. Қапшағай аймағында балаларға арналған кітапхана жоқ. Дегенмен, қалалық кітапхана көпшілік кітапхана ретінде балалар мен жасөспірімдерге де кітапханалық қызмет көрсетеді. Жақында қалалық кітапханада 2021 жылы -  Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып балалар әдебиеті бөлмесі ашылды.
Бөлменің ашылу рәсіміне келген қонақтарды «Гүлдер» балабақшасының бүлдіршіндері жыр шумақтарымен қарсы алды. Салтанатты шара Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Еркінұлы Балғабаевтың құттықтау сөзімен басталды.
 Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы Сәуле Қайырлықызы Нұрсолтанова мен Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Сламбайқызы Тоқабаева балалар бөлмесінің тұсаукесер рәсімін жасады.
Өз кезегінде сөз алған  Сәкен
Сейфуллин      атындағы   Алматы
облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 22 қазанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңе-
сінің IV отырысында балалар мен жасөслірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткенін, Президенттің бұл бастамасы Қазақстандағы кітапханалардың мәртебесін арттырып, тұрғындардың күш-жігерін, балалардың кітап оқуға құлшынысын арттыруға шақыратындығын баса айтты. Облыстық кітапхана басшысы дәстүрлі кітапханаларды заманауи бағытта дамыту мен кітапханалар жанынан балалар бөлімдерін, коворкинг орталықтар ашу арқылы оқитын балалар санын арттыру негізгі міндет болып табылатындығын, облыс көлемінде 281 кітапхана барлығын,  оның 14-і балалар кітапханасы екендігін,  бұның аздық ететіндігін айта келе,   облыс көлемінде балалардың кітап оқуын қолдау жылына орай атқарылып жатқан жобаларды, балалар әдебиетін алуға атқарылып жатқан игі істерге кеңінен тоқталды.
Ғалия Тоқабайқызы кітапхана ұжымына балалармен жұмыста үлкен жетістіктер, шығармашылық ізденістер тілеп, шараға қатысқан бүлдіршіндерге және Қапшағай қалалық кітапханасына жаңадан жарық көрген «Құлыншақ» атты 2 томдық Жетісулық балалар жазушыларының антологиясын сыйға тарту етіп,  Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Назым Халелқызы Кенжебековаға Қазақстандық Кітапханалық Одағының «Қазақ-станның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісін табыстады.
Шара барысында Қапшағай қаласының бас имамы Алдажар Сейітұлы, кәсіпкер  Мұратбек  Сергебаев пен Ержан Жамалбекұлы игі тілектерін білдіре отырып, кітапханаға бағалы сыйлықтарын табыс етіп, жас оқырмандарды қуантты.
Шараға қатысқан Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қапшағай қаласының құрметті азаматы Алтыншаш Жақиянова мен ақын, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы Берік Байлов кітап қазынасын, асыл мұраларды оқыған балалар еліміздің жарқын болашағы болатынына сенім білдіре отырып, ұлттық мәдениеттің негізін сақтаудың, ана тілінің байлығын арттырудың, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең қуатты құралы - әдебиет екені туралы жақсы ойларын білдірді.
Кітапхананың кішкентай оқырмандары Қапшағай өлкесі қаламгерлерінің балалар әдебие-тіндегі поэзия әлеміне, аударма саласында, әсем ән әлеміне қосып жатқан өзіндік үлестері туралы жыр шумақтарын оқыды.
Балалардың көңілді мерекелік шарасында қаламыздың талапты, талантты, өнерлі мектеп оқушылары өнер көрсетті. «Ертегілер» әнін орындаушылар Қапшағай қалалық мәдениет үйінің әншісі Айнұр Бекбосынова мен «Ақсезім» студиясының түлегі Елизавета Пантелееваға, халық әні «Елигайды» флейта аспабында орындаған  Айзере Асқарқызына, әдемі тақпақтар айтқан «Гүлдер» балабақшасының бүлдіршіндеріне,  «Жақсы адамдарым» әнін орындаған Айша Әлімжанға,  ертегі кейіпкерлері костюмдерімен би билеген өнерпаздарға шараға қатысушылар ризашылықтарын білдірді.
Кітапханада ашылған бұл балалар әдебиеті бөлмесіне   жас оқырмандардың көңіл-күйіне ерекше әсер ететін түстермен безендіріліп, кітап үйшіктері, оқу ағашы, витриналары, белгілі балалар авторларының портреттері, кітап оқудың пайдасы туралы стендтер, ертегілер кейіпкерлерінің суреттері қойылды.
Балаларға арналған рухани орын Президент мақаласын қолдау және балаларды кітап оқуға ынталандыру, балалардың оқу мәдениетін қалыптастыру, балалар әдебиетінің маңызы мен ерекшелігін айқындау мақсатында қолда бар мүмкіндікті пайдаланып және жергілікті әкімшілік пен демеушілердің қолдауының арқасында ашылғандығын атап өткен жөн

Д. ЖОЛЫМБЕТОВА,
Қапшағай қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі