Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Білім » Алғашқы қоңырау салтанаты

Алғашқы қоңырау салтанаты

10 Қыркүйек 2021

Білім күні - барша адамзатты ізгілікке бастар ең мерейлі де шуақты күн. Бұл күннің бірінші сыныпқа қабылданушылар үшін зор қуаныш, өз өмірлеріндегі ұмытылмас сәттердің бірі. Осынау айтулы Д. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінде барлық санитарлық талаптар сақтала отырылып, 1-сыныптардың қатысуымен 1 қыркүйек білім күніне арналған алғашқы қоңыраудың салтанатты жиыны болып өтті.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Балғабаев пен қалалық білім бөлімінің әдіскері Айдана Аманжол, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шаймұрат Ахметов құрметті қонақ ретінде қатысты.

Салтанатты шара мектеп партасына алғашқы мәрте отыруға ниеттеніп, жүректері лүпіл қаққан жеткіншектердің Ләйлә Садақбаева Алмагүл Анкежанова, Арайлым Садыкоджаева сынды білім нәрімен сусындатып, тағылымды тәрбие беретін алғашқы ұстаздарының бастауымен мерекеге сай әсем безендірілген ауланы кернеген әсем әуен ырғағымен ортаға шақырылуымен басталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалған соң, алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры Талғат Баянов білім беру қашанда тұтас қоғамның ұрпақ алдындағы парызы болса, білім алу ертеңін ойлаған жанның борышы екендігін болып табылатындығын атап өтті.

Келесі кезекте қала әкімінің орынбасары Бауыржан Балғабаев жиналғандарды Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтай келе, қоңыр күздің алғашқы күнідегі осынау Білім мерекесі деп аталатын ерекше күнді қарсы алатындығымызды, бұл - барлығымыз үшін жанымызға ортақ мереке екендігін тілге тиек етті.

Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде қаламызда жас жеткіншектердің мектеп қабырғасынан жан-жақты терең білім алып, тәрбиелі әрі мәдениетті азамат болып шығуына қажетті жағдайлар жасалып жатқандығын, жаңа оқу жылында біздің оқушыларымыз «білім» атты ғажап әлемнің сырын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, терең білім алатынына сенімді болып тұрғандығын жеткізіп, баршаға шығармашылық табыс, шалқар шабыт пен сәттілік тіледі.

Одан кейін 3 «Ә» сынып оқушысы Ерлан Эльбрустың «Әліппе» әнін әуелете шырқаған сәтте бірінші сынып оқушыларына әліппе табысталды.

Шара барысында Бейбітқызы Дарья, .Ерлан Еркежан және Серікқан Ерназар есімді мектептің өнерпаз шәкірттері жан тербетер әсем әндері тыңдармандардың құлақ құрыштарын қандырғандығын атап өткен жөн.

Білім күні мерекесіне қатысушы 1-сыныптардың оқушылары күміс қоңыраудың үнін алғашқы мәрте еститіндігі белгілі. Осындай жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетіп, 11-сынып оқушылары Арғын Аяжан,Төкенұлы Бексұлтан және 1 «а» сынып оқушысы Мейрамбек Ақниет, 1 «ә» сынып оқушылары Базар Аяру.,Серикова Камила, 1 «Б» сынып оқушысы Нұрлан Нұрай алғашқы қоңырауды сыңғырлата соқты.

Күміс қоңырау сыңғырынан соң, 1-сыныпқа қабылданған оқушылар мектеп партасына тұңғыш рет отырып, білім күніне арналған алғашқы сабаққа қатысты. Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Балғабаев пен қалалық білім бөлімінің әдіскері Айдана Аманжол, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шаймұрат Ахметов алғашқы ұстаздардың бірінші сабақтарына кіріп, бүгінгі күні қуанышты көңіл-күйдің шырмауында отырған 1-сыныпқа қабылданушыларды оқушы атануларымен

құттықтап, оқуда озат болып, еліміздің ертеңгі болашағына өлшеусіз үлес қосатын білімді де тәрбиелі азамат болуларына тілектестіктерін білдірді.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ