Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Білім » «Ақбөпе» ортаңғы тобындағы ашық сабақ

«Ақбөпе» ортаңғы тобындағы ашық сабақ

26 Сәуір 2021

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай,  өмірдің мәні мен сәні болған балалардың сыңғырлаған бал күлкісі, қуанышқа толы жүзі ешбір байлыққа тең келмесі анық. Бар жақсысын перзенттеріне арнаған ата-аналар қашанда өз ұрпағының кемелді келешегі үшін тынбай еңбек етіп,  баласының өмірге келгеннен кейін оның дұрыс өсуін қадағалап, саналы тәрбие беруге талпынатыны дау-сыз.  Мұндай тәрбие берудің ең алғашқы сатысы болып табылатын балабақшада  балалардың танымдық - тағылымын кеңейтіп, оларды шығармашылыққа баулитын түрлі іс-шаралар, ашық оқу қызметтері болып тұрады.
Жуырда «Нұр-Бөбек» балабақ-шасының «Ақбөпе» ортаңғы тобында балалармен тыныс алу, со-
ның ішінде мұрынмен тыныс алып, ауыздан демді шығару жаттығуларын орындау мақсатындағы ашық оқу қызметі болып өтті. Ашық оқу қызметіне балабақша меңгерушісі Дана Ортаева, әдіскер Алма Қайранбайқызы, тәрбиеші Мөлдір Нұрбекова,  балабақша психологы Шынар  Жұбайбекова қатысты.
Ашық сабақ барысында тәр-биеленушілер тізбекте қатарымен тұрып, қолды белге ұстап жүріп, аяқ ұшымен жүріп және жеңіл жүгіру жаттығуларын жасады. Қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, жоғары көтеру, аяқ ұшымен тұру, қолды жанда ұстау, секіріп аяқ арасын ашу, қолды жанға ұстау секіріп аяқ арасын қосу және тағы басқа осы секілді жаттығулар жасаған «Ақбөпе» ортаңғы тобында тәрбиеленушілері колоннада бір қатармен жүріп барып, өз орындарына жайғасты.
Жаттығуларды ешбір қатесіз орындап, тәрбиешілерінен алғыс естіп бір марқайып қалған балалар орындарында  отырып, алдарында тұрған шарды алып, тыныс алу жаттығуларын жасады. Алдымен мұрынмен демді іштеріне  жинап, шарға ауыздарымен  үрледі. Шарды үрлеуде Адия мен Ринат  өз күшімен баршаны таңқалдырса, Елдер мен Інжу түтікше арқылы арнайы қылған қағазды айналдыруда ептілік танытты.
Тыныс алу жаттығуын өте жақсы орындаған шәкірттер келесі жаттығуларын  орындау үшін алдарына қойылған түтікшені алып, гүл күлтешесін үрлеп, әрқайсысы осы жаттығудан алған әсерлерімен бөлісті.
Келесі кезекте «Ақбөпе» ортаңғы тобында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер өздеріне берілген көбелектер, бұлт, ара, инелік, құрбақа, қардың суреттерін  мұрындарымен дем алып, ауыздарымен үрлеп жарысты.  Алина, Амирлан, Сұлтан, Аяла күннің бетін бұлттарды үрлеу арқылы ашып, икемділіктері мен шеберліктерін паш етті.
Одан кейін сергіту жаттығу-ларын жасап, сергіп қалған тәр-биеленушілер, шартты түрде «теңіз  жағалауына»  шақырылды.
Балалар ол жердегі  көптеген қайықтардың  суда жүзуіне көмек-
тесті. Олар түрлі-түсті қайықтарды суға жіберіп, ауызға ауа толтырып, үрлеп, қайықтың жүзуіне көмектесетін жаттығуларды қы-зыға орындап шықты. Балалар қайықтарды суда үрлеу арқылы жүзгізгенде өте белсенділік танытты. Амина, Ринат, Амир, Айым, Адия, Евгений,  кайықтарды құлатпай жағаға алып шығып, көпшіліктің қошеметтеріне бөленді.
Жарайсыңдар, балалар. Сендер өте керемет оқу қызметіне қатыстыңдар.
Шарды өте жақсы үрлегені үшін Адия мен Ринатқа үлкен алғыс білдіреміз.
Ашық сабақ соңында балалар
өздеріне осы ашық ұйымдас-тырылған оқу қызметіндегі  шарды және гүл күлтешесін үрлеген  жаттығулардың  ұнағандықтарын шаттана жеткізді.



Гүлжайна АЙМАҒАМБЕТОВА,
«Нұр-Бөбек» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы