Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Денсаулық » Дені сау сарбаз-ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Дені сау сарбаз-ЕЛ ҚОРҒАНЫ

10 Маусым 2021

Бұл күндері еліміз бойынша әскер қатарына кезекті шақырылу науқаны жүріп жатыр. Бірден айтайық, Қазақстанда 2020 жылдың наурызында енгізілген төтенше жағдай режимі және одан кейінгі карантин шаралары әскерге шақыру комиссиясының жұмысына елеулі түзетулер енгізгені де анық. Басқаша айтсақ, биылғы шақырудың бұрынғы жылдармен салыстырғанда өзгешелігі бар.
Біз жұмысымыздың бір сәтінде әскер қатарына шақырылушыларды медициналық байқаудан өткізіп, іріктеп жатқан Қапшағай қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ат басын бұрған болатынбыз.

Бізбен кездескен осы бөлімнің басшысы, подполковник Арман Есболатұлы Қожамқұлов биылғы шақырудың пандемияға қатысты қиындығы болғанымен әскери қызметке шақыру заңды қатаң түрде сақтап жүргізіліп жатқанын айтып, негізінен осы науқан әскер қатарын ғана толықтыру емес, әскери оқу орындарына барғысы келетін жеткіншектерге жол ашу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты. Бөлім басшысы айтқандай, әскерге шақырылғандар саны жеткілікті көрінеді.
-Ең алдымен өз еркімен әс-керде қызмет еткісі келетіндерді алуға тырысамыз. Мұндай адам көп. Біріншіден, олар Отан алдындағы борышты өтеу қажет екенін біледі. Екіншіден, әскерде қызмет ету болашақта қажет болатынын ескереді.
Қазір мемлекет те әскери қызметшілерді әлеуметтік қамта-масыз ету саласында көп дүние жасап жатыр. Тұрғын үй мәселесі жүз пайызға шешілді. Егер әскери адамның өз баспанасы болмаса, оған мемлекет жалға алған пәтері үшін өтемақы төлейді. Медициналық қызмет те гарнизонда тегін көрсетіледі. Тек әскери қызметшілерге ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де қызмет көрсететін медициналық мекемелер бар. Бұл да-маңызды факторлардың бірі. Сонымен қатар егер адам келісімшарт арқылы қызмет етіп, белгілі бір уақыт сол жерде қызмет атқарса, әрі қарай оқуға түскісі келсе, мемлекет оған оқу құнының 50%-ін төлейді. Бұл адамдарды әскер қатарына келуге ынталандырады және біраз адам осы мүмкіндікті пайдаланады. Келісімшарт арқылы жұмыс істейтіндердің арнайы орта білімі болса, олар сырттай оқуға түсіп, жоғары білім ала алады-деді өз сөзінде бөлім басшысы.
Қапшағайдан әскер қатарына биыл шақырылатындар жоғары жақтан сұраныс бойынша еліміздің кез келген өңіріне жіберілуі мүмкін. Қазір соған сай барлығы тәртіпке сәйкес жүргізілуде екен.
Әскер қатарына барар жеткін-шектің жарамды, жарамсызын анықтайтын медициналық сараптама комиссиясы болғандықтан осы жерде өз миссияларын орындап жатқан медициналық топтың жетекшісі Бейсейітова Гүлғасыл Айтмұқамедқызын әңгімеге тарт-тық.
-Біз жылда қаңтар айынан нау-рыз айына дейін он жеті жастағы балаларды тіркеуге аламыз. Ол үшін оларды медициналық тіркеуден өткіземіз. Наурыз айынан маусым айына дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін көктемгі және күзгі әскерге шақыру шарасына қатысып, олардың денсаулығын тексеруден өткіземіз. Жылда өткізіп жүрген шарамыз болғандықтан жастардың арасында ең көп байқағанымыз-балалардың салмағының өзінің табиғи нормасына жетпей, дамымай қалғандығы. Бұл олардың дене шынықтыру мәселесімен айналыспайтынын білдіреді. Дене шынықтыру мәселесін айтпағанда әке-шешеден тараған генетикасына да тікелей байланысты. Ондай балаларды әскер қатарына жібере алмағандықтан шақырылуын алты айға кейінге қалдырып отырамыз. Медициналық байқаудан өтетін балаларды шартты түрде жүз пайыз деп алсақ, солардың он пайыздайында осы кемшілік кездеседі. Олардың ішінде бұрыннан, кішкене кезінен келе жатқан мүгедектер бар, созылмалы аурулары бар жеткіншектер бар. Жүрек аурулары, өкпе-демікпе аурулары, аяқ-қолдары сүйектерінің ақаулары және омыртқаларының қисық бітелуіне байланысты және табандарының майтабан болуы, жәй ғана майтабан емес, оның да артроз, артриті секілді сүйектерінде өзгеріс болған ақаулары бар. Осыларға тағы бір қосатын дүние-медициналық байқаудан өтетін жастардың деншілігінде тістерінің кариес, басқаша айтсақ, қанқұрт болуы.Тісті уақытында емдемеудің салдары бірнеше созылмалы ауруларды әкелетінін, сол аурулардың шығу қайнар көзі болатынын ескерткіміз келеді. Оған бей-жай қарауға болмайды.
Одан бөлек, қазір дабыл қағатын дүниенің бірі-жүрек ауруларының жасарып кеткендігі. Туғаннан бар, емделмей, асқын-дырып жібергендері бар, жүрек қағысының дұрыс еместігі бар, бұл топтың өкілдерін де әскер қатарына шақыруға қоса алмаймыз.
Қазіргі жастардың психоло-гиялық жағынан мінездері тұрақ-сыз, нерв жүйесі тозған, тез ашуланғыш, түрлі стресстерге қарсы тұруға бейім, дайын емес. Осы әрекеттердің соңы неге әкелетінін ақпарат көздерінен көріп, естіп отырғандықтан, оларды дәрігер ретінде сезінгендіктен, әскер қатарына жіберуге шешім қабылдауға біздің тәуекеліміз жетпейді.
Бір жылдың ішінде шартты түрде алсам, төрт жүздей адамды медициналық байқаудан өткізсек, солардың қырық-елулерінде түрлі аурулардың ақауы шығып жатады. Оларға медициналық кеңес беріп, емдеуге жібереміз. Алайда, денсаулық біріншіден басқаға емес, өзіне қажет екенін ескеріп, одан тиісті қорытынды шығарып жатқан жастар аз.
Медициналық   сараптама  ко-
миссиясының төрайымы Бейсейі-
това Гүлғасыл Айтмұқамедқызы-ның айтқандарына сүйенсек, рухы мықты, жүрегі патриоттық сезімге толы, денесі шымыр, денсаулығы мықты жас қана еліміздің шынайы қорғаны болары анық.

СИҚЫМБЕКТІҢ Алтынбайы