KZ      RU

  • Bаsty bеt
  • Biz týraly
  • Habarlandyrý
  • Qyzmetter
  • Baılanys
Біздің газеттің бетіне кез келген нұсқадағы хабарландыруларды орналастырып бере аламыз. Редакцияның мекен-жайы: 1 ш.а., 41 үй (бұрынғы "Бәйтерек"БО). Телефоны: 2-31-28

Погода в Капшагае
Gazet muraǵaty
  • 2021жыл
  • 2020 жыл
  • 2019 жыл
  • 2018 жыл
  • 2017 жыл

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


←Наурыз 2021 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    
Ресми сайттар
Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdentiniń resmı saıty

      

Almaty oblysy ákimdiginiń saıty

Qapshaǵaı qalasy ákimdiginiń saıty

Видео
Saqbol " мобильді қосымшасы»

Соц.сети
Nurli Olke

Капшагай қаласының әкімі
Н. ҚҰМАТАЕВТЫҢ
Халықаралық  әйелдер күнімен
ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қапшағайлықтар!
Ардақты ақ жаулықты аналар!
Қадірлі арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықа-ралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп айтса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы болып келеді. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда сақталып келеді»-деген еді.
Бүгінгі шырайлы көктемнің алғашқы күндерінде  аталып өтетін
осы мейрамның орны ерекше. Сон-дықтан, ажарлы да мейірімді, талантты да еңбекқор жандар ретінде сіздер қай кезде де отбасының берекесі, ер азаматтың тірегісіздер.
Қадірлі Аналар!
Ардақты әжелер! Аяулы нәзік жандар!
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп келе жатқан отбасының ұйытқысы атанған арулар мен аналарды шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздердің ел игілігі, отбасы берекесі, ұрпақ келешегі үшін жұмсайтын күш-жігерлеріңіз қуат көзіне айналып, әр бастамаларыңыз жемісті болсын!

Қапшағай
қалалық  мәслихатының хатшысы
 С. НҰРСОЛТАНОВАНЫҢ Халықаралық әйелдер күнімен
КҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты аналар, әдемі қыз-келіншектер!

Көктемнің айтулы мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйел-дер күнімен шын жүректен құт-тықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, барша әлемге танымал болуына асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.
Отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
«Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» де-
ген сөз әлемді билейтін де, тер-бейтін де әйел екенін білдіреді.
Бүгінгі бар тіршілік, жарық дү-ние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында.
Азамат баласына тән сүйіс-пеншілік пен іңкәрлік, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бойына сіңіре білген, ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылықты тілей-мін.
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәде-ниеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіп   келе
жатқан сіздерге шынайы риза-шылығымды білдіремін.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!



Ақылы дүние ақылға сай болуы керек «Қапшағай-Талдықорған» автожолы ақылы жүйеге ауысады

» Bаsty bеt » Ақылы дүние ақылға сай болуы керек «Қапшағай-Талдықорған» автожолы ақылы жүйеге ауысады
18 Ақпан 2021

  Болашақта елімізде 5 мың шақырым автобандар ақылы болады деп жоспарланып отыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен ақы алу жүйесі енгізілетін жолдардың тізімін жарияласа, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы Қазақстанда 13 автомобиль жолы ақылы болатынын хабарлады. Солардың арасында жалпы ұзындығы 184 шақырымды құрайтын 1-б техникалық санаттағы Қапшағай-Талдықорған автожолы да бар көрінеді. Ал 2024 жылы ақылы жолдардың қатарына Қапшағай-Күрті жолы да қосылмақшы.
   Ақылы учаске Қапшағай мен Талдықорған қаласы және Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары арқылы өтеді.  Қазіргі таңда осы жол бойында 4 бақылау аркасы мен клиенттермен жұмыс істейтін бір орталық орнатылған және ол тесттік тәртіпте жұмыс істейді.
Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары С.Ш.Нұрғазиевтің модераторлығымен өткен бүгінгі басқосу қоғамдық тыңдауға арналды. Құрамында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Акционерлік Қоғамы Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Н.Д.Ақылтаев, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Акционерлік Қоғамы «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Д.Ғ.Мәдиев, «Computer Vision Technologies» ЖШС өкілі Б.Ж.Хасенов және басқа да өкілдері бар арнайы топ ақылы жолды ашудағы мақсат, оның жәй-жапсары, келешегі, төлеу механизмдері жайлы кеңірек мағлұмат беруге тырысты.
Бірден айтайық, жол тіршіліктің көзі болғандықтан ба, қоғамдық тыңдауға қатысқан қоғам мүше-лерін жол мәселесі ерекше толғандырады екен. Олардың тараптарынан жол мамандарына өздерін мазалаған сауалдарда шек болмады. Олардың басты сауалы жолға төленер тарифтің көлемі төңірегінде болғаны анық. Өйткені қазіргі Қапшағай-Алматы жолы алғаш пайдаланылуға берілгендегі баға бір болса, қазір оның бағасы өскендігі байқалады. Және бір ерекшелігі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол ақысын көтеру мәселесін қолға алғанда халықпен кездесіп, олардың пікірлерін тыңдамай, өз беттерінше көтергені анық.
Әңгіме жол төңірегінде болып отырғандықтан жол құрылысы жобалары туралы да айтпай өтуге болмас. Заречный елді мекені тұсында жер асты жолы бар. Алайда халық жолға көп шығатын жерде емес, ауыл шетінде, сырт жерде тұр. Соны жасауға үкіметтен қыруар қаржы кетті. Бірақ оның игілігін ешкім көріп жатқан жоқ. Заречный елді мекенінде түрме секілді жабық мекемелердің бар екенін ескерсек, ешкімнің аяғы баспаған ол жер асты өткелі қылмыстың ұясы болмай ма? Ауылдың тұсы болмаған соң қаңырап бос тұр. Ешкім жүрмейді. Жобаны кабинетте отырып жасамай, автомашинаға отырып, сол жолмен жүріп өтіп, көзбен көріп, жасауға болмас па еді? Ал оның есесіне ауылдың тұсындағы қарсы бетке шығу үшін трассаны бөліп тұрған қорашадан елдер секіріп өтіп, көліктің астына түсіп жатыр. Кезінде қала әкімі болған Сәтжан Манасұлы Қиқымов жол жобасын жасағандармен жол бойында кездесіп, осы өтінішті айтып еді. «Жобадан ауытқымауымыз керек» дегенді айтты. Ондай халықтың тілегін ескермеген жобалар кімге керек? Ақша бекер кетті. Нәтиже жоқ. Келешекте жоба жасалар кезде осындай мәселелер ескерілуі керек деп ойлаймыз.
Жоба демекші, тағы бір ойды көлденең тартайық. Алматы-Талдықорған трассасы Қапшағай қаласы  ортасымен өтеді. Жолдың арғы бетінде  әскери бөлімдері бар әскери гарнизон тұр. Онда енді қанша адам қызмет жасайтынын, олардың қанша бала-шағасы мектепке, басқа да шаруаларымен қалаға бару үшін жолды кесіп өтетінін  есептей беріңіз. Үлкен трассада бағдаршам тұр. Ал ол сағатына 90-130 шақырымдық жылдамдықпен жүретін трассада болмауы керек. Ол жерде аспалы көпір болуы керек. Тағы да «жобада қарастырылмаған» деп жасамай кетті. Бұл нені білдіреді? Тағы да жоба нақты жердің ерекшелігін ескермей, кабинетте жасалғанын білдіреді.
Алматы-Қапшағай жолында жол пайдаланатын жолаушылар мен жүргізушілерге арнап ватцапта арнайы топ, осы күні чат деп жүрміз ғой, сол чат жұмыс істейді. Ондағы мақсат жол бойындағы кеткен кемшіліктерді халықтың өз аузынан естиік деген ой болса керек. Кері байланыс болсын дегені шығар. Ой жақсы. Құптарлық. Сол группаға енген халық жол жөндеушілерге шағымдарын айтып жүрді. Шағым айтса жолдың амандығы үшін айтады ғой. Ескерту, ұсыныс айтқандар ұнамайды екен. Чат әкімшілігі ондайларды чаттан алып тастады. Сонда ол чатты ашқандар «бізде бәрі жақсы» деп, өз басшыларын алдағаны ма?
Алматы-Қапшағай трассасын-дағы терминалда жолақысын бір жылға бір ақ рет төлеп тастайтын жеңілдік бар. Соның іргесінде, Байсеркеге бұрылатын жерде тағы бір терминал тұр. Ал ол жерде абонемент болып бір жылға бір ақ төлеп тастайтын мүмкіндік жоқ. Тек таза ақша төлейсіз. Терминалдар бірдей болса неге бірдей саясат жүргізбейді?
Қапшағай өңірінде өрт сөнді-рушілердің арнайы техникасына, медицинаның жедел жәрдем көлігіне, полиция көліктеріне жеңілдіктер бар екен де, жарық қуатын беретін компания көліктері-
не ондай жеңілдіктер қарасты-рылмаған көрінеді. Сол жол бойында тұрған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Акционерлік Қоғамының теңгерімінде тұрған жарық беру нысандарында апат болса, оны жөндеуге баратын электриктер де жол ақысын төлеуі тиіс пе? Бұл сауал да тиісті мамандарға қойылды.
Жол ақысының   қымбаттауы жолаушыларды    тасымалдаумен
айналысатындар, ауыл шаруашы-лығы өнімдері мен азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер секілді қоғамдағы басқа да салаларына қатты әсер ететіні анық. Оларды жолға төлейтін ақының шамадан тыс қымбаттылығы жасап отырған тірлігін тығырыққа тіреуі мүмкін. Бұл халықтың наразылығына апарары рас. Жолға төлейтін ақы мөлшері туралы әңгіме болғанда осы мәселе ескерілуі тиіс.
Жолаушылар тасымалымен айналысатын автопаркте терминалдан өту үшін  автобустардың төлейтін біржылдық төлемақысын реттеу де қиын болып жатқанын қалалық автопарк өкілі тілге тиек етті.
 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Акционерлік Қоғамының өкілдері қоғамдық тыңдауға келген жұртшылықтың сауалдарына жан-жақты жауаптар беруге тырысқанымен, тариф бағасының белгісіздігі секілді көп жағдайлары нақты болмағандықтан, көңілдері толмай, өз келісімдерін бермегені анық.
Қорытындылай келе осы басқосуда айтылған мәселелерді, ұсыныстарды ескере отырып қоғамдық тыңдауды қайта өткізуге тоқталды.

Алтынбай ШӘКЕНҰЛЫ


 ←Тізімге оралу

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28

nurliolke@mail.ru

ЖШС «Капшагай тынысы»
KZ-SITE.KZ - создание сайтов в КазахстанеСоздание сайта KZ-SITE.KZ
© 2017 - 2021 ЖШС «Капшагай тынысы»