Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Bаsty bеt

04 Шілде 2017

Ел Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық ма-ңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтердің құрамына кіретін кенттері мен ауылдары    әкімдерінің    сайлауын
өткізудің кейбір мәселелері туралы» №555 Жарлығына сәйкес, Қапшағай қалалық сайлау комиссиясының 21 маусымдағы №02-12/01 шешімімен Қапшағай қаласы бойынша Заречный және Шеңгелді ауылдық округ әкімдерін сайлау 2017 жылғы 11 тамызға тағайындалды.

04 Шілде 2017

Ата Заңымыздың алғашқы бабының бірінші тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғандай мемлекетімізді мекендеуші азаматтардың өздері қалаған дінге сенуі де конституциялық құқықтарының бірінен саналады.

04 Шілде 2017

Үстіміздегі жылы еліміздегі Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Өзіндік орны бар іргелі ұйымның мерейтойы жер-жерде сән-салтанатымен аталып өтуде. Осындай салтанатты жиынның бірі Қапшағай қаласында да болып өтті. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі буынға ізеттілігін аямай, қаламыздың өсіп-өркендеуі мен жастарды адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеу жолында елеулі үлес қосып келе жатқан қапшағайлық қазыналы қарттар қала әкімдігінің мәжіліс залында бас қосты.

04 Шілде 2017

«Ивушкадағы» мына автобус аялдамасы жайында осыны айтуға болады. Күн жұма болатын. Автобус аялдамасына жақындап келгенімде, жас мөлшері 10-12 жастағы үш баланың  аялдама әйнектеріндегі гайкілерді қолдарындағы кілтпенен бұрап босатып жатқанын көріп, ұстап алмаққа ұмтылып едім, бірақ олар №1-ші үй жаққа қашып, жеткізбей кетті. Соған қарағанда олар осы аумақтың балалары болуы мүмкін.

29 Маусым 2017

Биылғы бірінші шілдеден бастап Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты және Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Осы орайда жер-жерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

29 Маусым 2017

Қолына  қалам  ұстаған    қара сөз шеберлерінің кәсіби мере-кесі күні Қапшағай қаласы про-куратурасының прокуроры Ем Николай Борисович қапшағайлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері саналған «Бухта Капшагая» порталының жетекшісі Михаил Ткачты, «Бизнес Дайджест Капшагая» газетінің бас редакторы Сандуғаш Айсағалиева мен осы жолдардың авторы, қалалық әкімдіктің «Нұрлы өлке» газеті бас редакторы Алтынбай Сиқымбекті қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпаттарын берді.

29 Маусым 2017

Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Сағдат Шатанұлы Нұрғазиевтің төрағалық етуімен болған онамастикалық  комиссияның  кезекті  отырысы  қала    мен  өңірдегі елді мекендердегі кө-шелер атауларының өзгертілуіне арналды.
Бұл  жөнінде  «Қапшағай қала-сы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бибігүл Кенжеханқызы Шайкенова есеп берді. Расында кешегі кеңес заманындағы идеология негізінде қойылған көше атаулары жаңа заманға сай өзінің құндылықтарын жоғалтқаннан кейін оларды  өзгерту уақыт талабы болып отырғаны анық.

22 Маусым 2017

Өткен бейсенбіде қаланың бас алаңында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 11 жыл инемен білім құдығын қазып, тағылымды тәрбие алған алтын ұяларынан қанат қаққалы тұрған қапшағайлық мектеп бітіруші түлектердің «Алтын арман-2017» атты салтанатты кеші болып өтті.  Ағымдағы жылы Қапшағай өңіріндегі білім ордаларын бітіруші 186 түлектің жиырма бірі «Алтын белгі» иегері атанса,  он алтысы «Үздік аттестат» иеленді. 

22 Маусым 2017

Рамазан – барша мұсылмандар құрмет тұтатын Құран кәрім аяттары түскен қасиетті де ұлық ай. Бұл айда жасалған бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыз амалдардың сауабына тең болады екен. Рамазан айында ауыз бекіткен жандарға ауызашар беру-үлкен сауап. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Рамазан айында бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да аузы берік адамның алған сауабындай сауап жазылатындығын айтыпты. Олай болса, осы қасиетті айда ораза ұстаушыларға ас беріп, ауыз аштырушыларға одан да үлкен сауап болатындығы даусыз. Рамазан айының құрметіне орай, қала әкімі Талғат Қайнарбеков «Самрұқ холл» мейрамханасында Қапшағай қаласы мен аймағындағы ораза тұтқан жамағат пен ақсақалдарға  арнайы дастархан жайып, ауызашар қонақасысын беріп, сауапты амал жасады.

22 Маусым 2017

Биылғы 23 маусымда Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңын қабылдау Жарлығына қол қойып, Қазақстан полициясының құрылғанына  ширек ғасыр толып отыр. Осы орайда қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Ілияс Сүгіров, қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері, қаланың Құрметті азаматтары, мәслихат депутаттары, кәсіпорындар мен мекемелер өкілдірі, қала тұрғындары қатысты.

22 Маусым 2017

Жуырда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Іңкәрбекова, қалалық аурухананың өкілі Айгерім Нақабыл халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсету үшін еліміздің Үкіметі дүниежүзілік банктің қолдауымен іске қосқан «Өрлеу»  жобасының жай-жапсары мен Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты және Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламысы аясында енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Кербұлақ, Сарыбұлақ ауылдарының тұрғындарымен жүздесті.

14 Маусым 2017

Кешегі кеңес заманындағы «Өкімет өлтірмейді» деген қағида социалистік формациямен бірге келмеске кетіп, оның орнына нарықтық жүйе келіп, әр адамның тағдыр жолы жасаған тірлігіне байланысты болып қалды. Еңбектің көзін тапқандар пайданың өзін тауып, жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, шаруаларын дөңгелетіп, көш басынан көріне бастағаны анық.
Мына заман пайда табам дегендерге кең жол ашып қойғанын көз көруде. Соған сай әр адам өз нанын әр саладан тауып жеп жүр. Дегенмен де, «Қазақтың жаны-алдындағы малы» деп түсінгендер атадан балаға мирас болып қалған атакәсіп-мал шаруашылығын өркендету ісін қолға алып жатқандар да баршылық. Солардың бірі-Шеңгелдінің шығысындағы Ақөзек ауылындағы бұрынғы «Алматы мал асылдандыру зауыты» ұжымы.
Егін мен мал шаруашылығын қатар алып келе жатқан бұл ұжымның егістік алқабындағы тыныс-тірлігін газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз. Ертоқымның екі үзеңгісіндей қолға алған екінші бағыты мал шаруашылығы болғандықтан кезекті сапарымызда аттың басын Қосқұдық аймағына  қарай бұрған едік.

14 Маусым 2017

Ата заңымызда айтылғандай, биліктің қайнар көзі-халық. Халықтың парасатты болуы-ел дамуының негізі. Сондықтан, «Нұр Отан» партиясы жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезін қалыптастырып, елге, туған жерге деген патриоттық сезімімдері мен ұрпақтар сабақтастығын күшейтіп, ұлттық отбасылық құндылықтарды насихаттап, шағын және орта кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру мақсатында партиялық жобаларды қолға алып, ауқымды істер атқаруда. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының Қапшағай қалалық филиалы тарапынан да 7 партиялық жоба бойынша жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

14 Маусым 2017

Жуырда қала әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының бұзылуына жол беру фактілерінің көбеюіне байланысты қала әкімінің аппараты мемлекеттік және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және мекеменің ішкі қызметтік тәртібімен қарастырылған талаптарын қатаң сақтау бойынша семинар-кеңес болып өтті. Іс-шараны қала әкімінің орынбасары Сағдат Нұрғазиев ашып, жүргізіп отырды.

14 Маусым 2017

Жуырда қалалық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет,өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа комиссия құрамынан өзге қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жандос Тұрыспеков, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қапшағай қалалық филиалының директоры Дидар Батырбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Абауов, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы ГауҺар Әбілқасымова, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғани Әбдіханов қатысты.

09 Маусым 2017

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында 2017 жылдың 30 мамырында «Тарихи сана және қоғамның рухани қауіпсіздігі» тақырыбында «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. Бұл шара 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орайластырылған. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

09 Маусым 2017

Ел ертеңінің жарқын болашағы бүгінгі ұландарымыздың қолында екені сөзсіз. Олардың жан жақты толысқан азамат болып шығуы қазіргі жасалып жатқан қамқорлыққа тікелей байланысты. Келешекке кемеңгерлікпен көз тіккен Елбасы өзінің соңғы мақаласында білім мен тәрбие ісіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өткен болатын. Ел алдына қойылған міндеттердің бірі мүмкіндігінше балабақшалар санын көбейту арқылы, бала тәрбиесін балабақшадан бастау керектігіне мән беріп отырғаны анық. Алға қойылған осындай міндеттерден туындаған болуы керек, уақыт өткен сайын елімізде балабақша саны артып келеді.

06 Маусым 2017

"Нұр Отан" партия-сының Қапшағай қалалық филиалында   Елбасының   "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағ-дарламалық мақаласын   насихаттау жəне одан туындайтын мақсат-мін-деттерін айқындау бойынша актив отырысы өтті. Актив отырысына қалалық мəслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия мүшелері мен жасотандықтар қатысты.

05 Маусым 2017

Уақыт деген дүниенің бір орнында тұрмасы анық. Осы бір ғажап құбылыстың басты ерекшелігі-өз жолындағының бәрін өтіп жатқан уақыт иіріміне қарай өзгертіп отыратындығы. Соның айқын көрінісін мектеп өмірінен анық байқауға болады. Кешегі мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршін он бір жыл мектеп партасында отырып, білім алып, бозбалалықты артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын мерзімнің алдындағы оқу жылының аяқталар сәті саналған соңғы қоңырауға жиналған жайы бар. Біз осы бір толғанысқа толы сәттің куәсі болуға Қапшағай қаласындағы Орта мектеп-гимназияға ат басын бұрған едік.

Барлығы: 1939
<< 1 .. 73 74 75 76 77 78 79 80 81 >>