Bos jumys oryndary
Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.
Baılanys telefondary:
8 (72772) 2 32 32,
8 705 965 3661
Капшагай қаласының әкімі
Н. ҚҰМАТАЕВТЫҢ
Халықаралық әйелдер күнімен
ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қапшағайлықтар!
Ардақты ақ жаулықты аналар!
Қадірлі арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықа-ралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп айтса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы болып келеді. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда сақталып келеді»-деген еді.
Бүгінгі шырайлы көктемнің алғашқы күндерінде аталып өтетін
осы мейрамның орны ерекше. Сон-дықтан, ажарлы да мейірімді, талантты да еңбекқор жандар ретінде сіздер қай кезде де отбасының берекесі, ер азаматтың тірегісіздер.
Қадірлі Аналар!
Ардақты әжелер! Аяулы нәзік жандар!
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп келе жатқан отбасының ұйытқысы атанған арулар мен аналарды шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздердің ел игілігі, отбасы берекесі, ұрпақ келешегі үшін жұмсайтын күш-жігерлеріңіз қуат көзіне айналып, әр бастамаларыңыз жемісті болсын!
Қапшағай
қалалық мәслихатының хатшысы
С. НҰРСОЛТАНОВАНЫҢ Халықаралық әйелдер күнімен
КҰТТЫҚТАУЫ
Ардақты аналар, әдемі қыз-келіншектер!
Көктемнің айтулы мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйел-дер күнімен шын жүректен құт-тықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, барша әлемге танымал болуына асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.
Отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
«Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» де-
ген сөз әлемді билейтін де, тер-бейтін де әйел екенін білдіреді.
Бүгінгі бар тіршілік, жарық дү-ние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында.
Азамат баласына тән сүйіс-пеншілік пен іңкәрлік, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бойына сіңіре білген, ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылықты тілей-мін.
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәде-ниеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе
жатқан сіздерге шынайы риза-шылығымды білдіремін.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!
Bаsty bеt
Биылғы жылы мемлекеттік басқару жүйесіне өзгерістер енгізілгені бәрімізге мәлім. Соның бірі, ҚР Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауы нәтиже-сінде жер-жерлерде көппартиялы мәслихат құрылды. Алғашқы күннен бастап мәслихаттың жұ-мыс жоспары қаралып, алдыңғы қатарға қойылатын өзекті мәселелердің тізімі айқындалды.
Адам ұрпағымен мың жасайды. Бұлай деуге бірнеше себебіміз бар, біріншісі, қазақы тәрбиеміз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасырларға жалғасып жатса, екіншісі, көненің көзін сақтай білетін адамдардың баршылығы. Сондай ақ ниетті, ақ жаулықты апамыздың бірі – «Аналар кеңесінің» төрайымы, ұстаздықты өзіне өмірлік ұстаным етіп алған Дәметкен Нүсүпбекова. Елдегі соңғы жаңалықтарға және отбасы мәселесінің өткір мәселеге айналуына байланысты жүрекжарды әңгімесін тыңдау үшін аталған кеңес бөлмесіне қарай ат басын бұрдық.
Құрметті төраға,
Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы енгізіледі.
«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2021 жыл бойы қала көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өткізілетінін жариялайды. Акцияның негізгі мақсаты: қала бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске қала жұртшылығын кеңінен жұмылдыру болып табылады.
"Nur Otan" партиясы Қапшағай қалалық филиалында 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін сайлауға атсалысып, қызмет атқарған барша белсенділерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты табысталды.