Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Басқа » Тіл мерекесіне арналды

Тіл мерекесіне арналды

10 Қыркүйек 2021

Елімізде 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте аталып өтіліп келеді. Тәуелсіз еліміз үшін маңызы жоғары тіл мерекесіне орай жыл сайын жер-жерде түрлі іс-шаралар өтеді.

Сондай шаралардың бірі ретінде Қапшағай қалалық мәдениет үйінде өткен Тіл фестивалін айтуға болады. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуликасындағы тіл туралы» Заңын, Тілдерді дамыту мен қолдану мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қаланың тілдік ахуалын саралау, ұлттық достастығы мен бірлігін таныту, үш тілді меңгерген өнерлі жастарды колдау.

Тіл фестивалін осынау атаулы күнге орайластырылған тебіреністі сахналық көрініспен басталды. Көрініс аяқталғасын алғашқы сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары Берік Дүйсенбаев жиналған қауымды Тіл мерекесімен шын жүректен құттықтай келе, бұл мейрамның 5 қыркүйек болып бекітілуінің өзіндік себебіне тоқталып, бұл мерекенің мән-маңызы жайында кеңінен әңгімеледі.

Берік Фатықұлы сахна төрінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданылу аясын кеңейту, жолдында жоғары нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Заречный ауылындағы кәсіптік колледжінің директоры Берік Баиловқа, Алматы облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы Қапшағай қалалық филиалының оқытушысы Гүлмира Дусанбаеваға, Арна ауылдық клубының әдіскері Алмагүл Бисенғалиеваға, Қапшағай көпсалалы колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дәулет Мұхамеджанға Қапшағай қаласы әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Сонымен қатар Қазақстан халқы тілдері күніне орай Арна ауылындағы №11 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Антонина Мықтыбаеваға, «Гүлдер» балабақшасының әдіскері Сәулеткул Жанбатыроваға және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқы тілдері күніне орай қалалық «Тіл және Тәуелсіздік» атты көрме-байқауының жеңімпазы Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектептің 9 сынып оқушысы Раяна Бойсаеваға Қапшағай қаласы әкімінің алғыс хатын табыстады.

Әрі қарай концерттік бағдарламаға жалғасқан шара барысында жиналған жұрт көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған, Балалар шығармашылық орталығының «Радуга» би ансамблінің орындауындағы «Қазақ» биін тамашалады.

Сонымен бірге Құралай Болмашева ""Қазақ вальсін", және Бекболат Сағадиев «Жаса қазақ тілім» әнін асқақтата шырқап, жұршылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, татар халқының «Шаян қизлар» биімен сахнаны көркемдеген «Радуга» ансамбілінің мың бұралған бишілерінің өнері де көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Нәдір Жолдасбеков пен Мейрамбек Әнуарұлы жұптасып орындаған «Мен қазақпын» әні көрермендердің жігерлерін жанығандай әсер қалдырды.

Айжарық БАҚТЫБАЙҰЛЫ