Ресми сайттар
Видео

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


Главная » Bаsty bеt » Басқа » «ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ» ЖОБАСЫ

«ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ» ЖОБАСЫ

29 Қыркүйек 2021

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысының әкімдігімен бірлесе облыстық Жетісу телеарнасында «Әдептен озбайық» жаңа тележобасын іске қосты!

Жобаның авторы және жүргізушісі Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы. "Әдебтен озбайық" телевизиялық бағдарлама айына бір рет, әр сонғы бейсенбі күні облыстық Жетісу телеарнасында көрсетіледі.

Бағдарламаға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысады.

Жобаның әрбір шығарылымында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, мемлекеттік қызметшілердің әдібі және мемлекеттік қызметшілерге қойылған өзге де мәселелері талқыланады.

Ең алғашқы шығарылымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Мұқатайқызы Бейсеқұлованың және ҚР Президенттік жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқутышысы Негметжанова Мәриям Қадырқызының қатысуымен эфир өтті.

Эфир барысында Ләззат Мұқатайқызы Департаменттің негізгі бағыттары туралы айтып, сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдері және мемлекеттік қызметті өткеру бойынша басқа да мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті