Bos jumys oryndary
Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.
Baılanys telefondary:
8 (72772) 2 32 32,
8 705 965 3661
Капшагай қаласының әкімі
Н. ҚҰМАТАЕВТЫҢ
Халықаралық әйелдер күнімен
ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қапшағайлықтар!
Ардақты ақ жаулықты аналар!
Қадірлі арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықа-ралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп айтса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы болып келеді. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда сақталып келеді»-деген еді.
Бүгінгі шырайлы көктемнің алғашқы күндерінде аталып өтетін
осы мейрамның орны ерекше. Сон-дықтан, ажарлы да мейірімді, талантты да еңбекқор жандар ретінде сіздер қай кезде де отбасының берекесі, ер азаматтың тірегісіздер.
Қадірлі Аналар!
Ардақты әжелер! Аяулы нәзік жандар!
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп келе жатқан отбасының ұйытқысы атанған арулар мен аналарды шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздердің ел игілігі, отбасы берекесі, ұрпақ келешегі үшін жұмсайтын күш-жігерлеріңіз қуат көзіне айналып, әр бастамаларыңыз жемісті болсын!
Қапшағай
қалалық мәслихатының хатшысы
С. НҰРСОЛТАНОВАНЫҢ Халықаралық әйелдер күнімен
КҰТТЫҚТАУЫ
Ардақты аналар, әдемі қыз-келіншектер!
Көктемнің айтулы мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйел-дер күнімен шын жүректен құт-тықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, барша әлемге танымал болуына асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.
Отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
«Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» де-
ген сөз әлемді билейтін де, тер-бейтін де әйел екенін білдіреді.
Бүгінгі бар тіршілік, жарық дү-ние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында.
Азамат баласына тән сүйіс-пеншілік пен іңкәрлік, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бойына сіңіре білген, ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылықты тілей-мін.
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәде-ниеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе
жатқан сіздерге шынайы риза-шылығымды білдіремін.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!
Bаsty bеt
Жасыратыны жоқ, нарық заманы ел өміріне өз өзгерістерін әкелгені анық. Кешегі социализм билеген қоғамда жұмыссыздар атауы мүлдем болмаса, қазіргі уақытта екі қолға бір күрек табу үлкен проблемаға айналып отыр. Жұмыссыздық белең алған жерде әлеуметтік проблемалардың шығатынын ескерсек, бұл мәселені шешуде мемлекеттік көзқарас, мемлекеттік қамқорлық болмаса жағдайдың қиын болатыны рас.
Әр саланың өзінің ерекше-ліктері болады. Кешегіден келешекке жүріп келе жатқан тарихитағдыр жолына көз тігер болсақ, өткен ғасырлар қойнауынан бастау алатын, алысты жақындатып, байланыс жібін жалғап жүретін байланыс торабы, басқаша айтсақ, поштаның да қызметінде сырт көзге еленбегенмен өзіне тән ерекшеліктері бар екені анық.
Баланың келешекте қандай болуы мектепке дейінгі жаста қаланады десек,тілі жаңа шыққан балапандарымызды өлең жаттап, ән айтуға, би билеуге үйретіп, тәлім-тәрбие беріп, алғаш қолға қалам ұстатып, оқуға бейімдейтін балабақша тәрбиешілерінің еңбегі ерен. Болашақта мемлекетімізді өрге сүйрейтін бүгінгі ұрпақ тәрбие-леу жолында абыройлы еңбек етіп жатқан тәрбиеші-педагогтардың еселі еңбектерін қалай дәріптесек те артықтық етпес.
Кешегі кеңестік заман ыдырап, келмеске кеткен соң капиталистік даму жолы бар нарық деген заман келді. Бұрынғыдай «Үкімет өлтірмейді» деген қағида өз өміршеңдігін жойып, ел-жұрт өз жағдайын өздері жасайтын кезеңге аяқ басты. Бұрын сауда дегеннің не екенін көршілес өзбек ағайындардан ғана естіп білген жұрт енді бұл саланы өзі де меңгере бастады. Нарықтың жағдайы елге іскер адамдарды әкелгені анық. Бүгінгі әңгімеміздің өзегінде сондай іскер жандардың бірі туралы айтқымыз келіп отыр.
Баспанаға әркімнің-ақ бар таласы. Қаламызда 3092 адамның үй кезегінде тұруы сөзімізді дәлелдеп тұрғандай. Десе де, жау-апты мамандардың тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатындағы жоспарлары өте көп.
Аталған жоспарға енген құры-лыстың бірі − «Ивушка» шағын ауданындағы былтырғы жылы маусым айында іргесі қалана бастаған 50 пәтерлі жалдамалы үй. Мердігерлер мерзімінде үлгерсе, мамыр айында тұрғындар көптен бері армандаған қоныс тойын тойлайды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып, қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан бұл үйдегі 1 бөлмелі пәтер аумағы 36 шаршы метр болса, 2-3 бөлмелі пәтерлердің аумағы 54-68 шаршы метрлерді құрайды.
Жуырда Қапшағай қалалық А. Жұбанов атындағы №5 орта мектептің ғимаратында «Жетісу - адалдық алаңы» жобасы аясында Қапшағай қалалық ішкі саясат бөлімі мен Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында жас-тар арасында қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті.
Жақында ғана болып өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауынан кейін жаңа лауазымға ие болған халық қалаулылары өз міндеттеріне кірісіп кеткені белгілі. Қапшағай қалалық мәслихатының да жаңадан сайланған депутаттары халық алдындағы өз жауапкершіліктерін жете сезініп, осы жолда жұмыстарын бастап кетті.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс.