Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Мамыр 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Ресми сайттар
Видео

Жетісулық кәсіпкерлер 6 бірдей көп балалы және аз қамтылған отбасыға үй сыйлады

» Bаsty bеt » Жетісулық кәсіпкерлер 6 бірдей көп балалы және аз қамтылған отбасыға үй сыйлады
02 Мамыр 2019

Алматы облысы, Алакөл ауданында «1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында кәсіпкерлер бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 6 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тұрғын үй кілттері табысталды.

Бүгінде қоғамда қайырымды игі іс жасап, қол ұшын созар жомарт азаматтар саны көбейіп келеді. Солардың бірі Екпінді ауылдық округінде орналасқан «Майқынов Е» ШҚ басшысы Майқынов Ермек Серікбайұлы «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана Сартбаева Қарақатқа 7 бөлмелі үйді сыйға тартты.

«Ауданымызда көпбалалы аналар саны аз емес. Солардың бірі алты баланың анасына үйдің кілтін табыстап отырмын. Ауданымызда басталған мұндай қайырымдылықтар әрі қарай жалғасын тауып, қазақтың әрбір батыр аналарының көңілі тоқ болсын», - дейді жеке кәсіпкер.

Дәл осындай қуанышқа Қабанбай ауылының тұрғындары, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған Старченко Зоя Сергеевна мен көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Ақшолақова Светлана Мұхаметқызы кенелді. Бұл қуаныштың дәнекері болып отырған азаматтардың бірі – облыстық маслихат депутаты, «Қабанбай жолаушы» ЖШС-нің басшысы Қожабеков Қанат Қожабекұлы болса, екіншісі – Алакөл ауданының имамдары мен аудан жамағаты.

Сонымен бірге, "Достық тазарту" ЖШС-нің директоры Жақсыбаев Шалқар Бауберікұлы Қызылащы ауылының тұрғындары ІІ және ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі Есімбеков Ерлан Қабдешұлы мен Оразбекова Самал Әлімғазықызына осы ауылдан жайлы 4 бөлмелі баспана алып берді.

Қуанышында шек болмаған аналар өз тараптарынан осындай мейірімді жандарға шексіз алғыстарын жеткізіп, жанарларына жас алды.

Жалпы ауданды 1384 көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы тіркелген. Бүгінгі таңда оның 165 үй кезегінде.

Айдана Тынысбек, Алакөл ауданы

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28