Архив газеты

Вакансия!
Требуется русскоязычный журналист!
В газетную редакцию «Нұрлы өлке» требуется корреспондент, пишущий на русском языке.

С опытом работы.


Контактные телефоны:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Жетісу журналистері шетелдік массмедиа алаңын көріп қайтты

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Жетісу журналистері шетелдік массмедиа алаңын көріп қайтты
11 Февраля 2019

Алматы облысының белді журнарналистері шет елдік алпауыт медиахолдингтерде өз біліктіліктерін арттырып қайтты, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Халықаралық серіктестікті дамыту аясында Ұлыбританиядағы BBC телеарнасының редакциясына 4 журналист, халықаралық “Al Jazeera” телекомпаниясына 2 БАҚ өкілі және “Euro news” редакциясына 1 корреспондент жолданды. Сапар барысында жинаған білімдері мен кәсіби біліктіліктерін журналистер қазіргі және болашақ әріптестерімен бөлісті.

Спикерлердің айтуынша, аталмыш массмедиалар алдыңғы қатарлы ақпарат тарату корпорациялары болғандықтан, біздің елдің журналистерінің олардан алар тәжірибелері мол.

“Іс-сапар кезінде еуропалық телеарналардың біздің арналардан қаншалықты өзгеше екендігін түсіндім. BBC-дің негізгі бағыты – туризм, жарнама. Ал, біз ақпарат алаңында алдыңғы қатарға идеологияны қоямыз. Батыстың хабарды тарату жолында өз менталитеті мен туристтік саланы дамыту жағынан жарнамаға жақсы көңіл бөледі. Менің бір түсінгенім, олар кез-келген дүниеден сапалы жарнама жасау арқылы табыс көзін ұлғайтады. Ол жақтан түйгенімді өз ортамда пайдаланып, біздің арналардың дамуына жол салғым келеді ” , - деді “Жетісу” телеарнасының бас продюсері Гүлжан Қызайбай.

Шетелдік БАҚ-на жаңаша көзбен қарап келген Жетісу Журналистері біздің аймақтың да әлемдік деңгейге көтерілердей мүмкіндіктері орасан зор екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, журналистер өзге елдің мәдениеті мен ерекшеліктерін таңдана айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Шараға келуші қонақтар спикерлерге көптеген сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

Айта кету керек, бұл сапар Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясындағы Алматы облысының әкімдігі мен ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілді.

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28