Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Мамыр 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Ресми сайттар
Видео

Жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

» Bаsty bеt » Жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті
15 Наурыз 2019

Осы аптаның дүйсенбі күні Қапшағай қаласының жаңадан құрылған Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы 4  наурызда қалалық маслихаттың кезектен тыс 47 сессиясында бекітілген болатын.

Отырысты ашқан Қапшағай қалалық мәслихаттың хатшысы Қайрат Ахметтаев Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен таныстырып,  Азаматтық қоғам өкілдерінен өзін-өзі ұсынған Берікбол Әбенов, Съезбек Ақылтаев, Амангелді Беспаев, Венера Ертілеуова, Қайрат Иманғалиев, Бахда Керейбаев, Евгений Селин, «Ардагер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қапшағай қалалық филалынан Сергей Вижунов, «Алматы облыстық орыс орталығы» қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалынан Зинаида Волкова, «Жас отбасылар клубы» қоғамдық бірлестігінен Нина Өтебекова, мемлекеттік органдарынан Қапшағай қала-лық мәслихатының хатшысы Қайрат Ахметтаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Аққойшы, қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Амантай Қамаубаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағынай Мұсағитов, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жандос Тұрысбековтерді құттықтап, ал-дағы жұмыстарына табысты қызмет тіледі.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша кеңес отырысында Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Съезбек Ақылтаев, хатшылығына Нина Өтебекова және Қоғамдық кеңестің жұ-мысын үйлестіру, мәжілістерді өткізуге дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және ақпараттық қолдау білдіру жөнінде төралқа құрамы сайланды.
Қоғамдық кеңес талқылауына түскен алғашқы мәселе Қапшағай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланыс-ты  болды. Ол жөнінде  қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Айгүл Сатыбалдиева баяндама жасады.
Қалалық Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері - азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс - қимыл жаса-уын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық кеңес мүшелері кезекті жұмыстарын қала орталығынан бастамақ. Мұндағы сауда, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталығы, қалалық аурухана, мектептерде балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жасалған меморандумдардың орындалуын саралап, қала-ның санитарлық жағдайы бағыттарында жұмыс жүргізетін болады.
-Біз сөзден іске көшіп, жұмысқа білек сыбана кірісуді бастадық деп айтуға болады. Бізді алдымызда қыруар жұмыс күтіп тұр. Бүгін де көптеген жақсы пайдалы ұсыныстар жасалды. Оларды алдағы уақытта жүзеге асыра бастаймыз.   Қоғамдық кеңес тек   Елбасы бастамаларының орындалуын ғана бақылап қоймайды. Ең бастысы - барлық күштерді біріктіру және әр бағыттағы жұ-мыстардың орындалуына жауапты құрылымдарға    нақты   көмек  көр-
сету, - деді отырысты қорытын-дылаған  қалалық Қоғамдық ке-ңестің төрағасы Съезбек Ақылтаев.
Заңғар АЛТАЙ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28