KZ      RU

  • Bаsty bеt
  • Biz týraly
  • Habarlandyrý
  • Qyzmetter
  • Baılanys
Біздің газеттің бетіне кез келген нұсқадағы хабарландыруларды орналастырып бере аламыз. Редакцияның мекен-жайы: 1 ш.а., 41 үй (бұрынғы "Бәйтерек"БО). Телефоны: 2-31-28

Яндекс.Погода

Gazet muraǵaty
  • 2021жыл
  • 2020 жыл
  • 2019 жыл
  • 2018 жыл
  • 2017 жыл

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


←Қаңтар 2021 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ресми сайттар
Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdentiniń resmı saıty

      

Almaty oblysy ákimdiginiń saıty

Qapshaǵaı qalasy ákimdiginiń saıty

Видео
Saqbol " мобильді қосымшасы»

Соц.сети
Nurli Olke




«Tarihi jol» мобильді қосымшасы тарих қойнауына сапар шегуге мүмкіндік береді

» Bаsty bеt » «Tarihi jol» мобильді қосымшасы тарих қойнауына сапар шегуге мүмкіндік береді
12 Қыркүйек 2018

«Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында «Tarihi jol» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның мақсаты Алматы облысындағы туристік нысандарды халыққа жаңа заманауи форматта таныстыру, әрі осы арқылы облысқа туристердің қызығушылығын арттыру.

Бұл сервис ТМД елдеріндегі бірегей жетістіктердің бірі болып табылады және бүгінгі күні оның аналогы жоқ. Мобильді қосымша қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде тарихи-мәдени орындар жайлы ақпарат береді. Сонымен қатар оны VR көзілдірігімен де тамашалауға болады.

«Қазіргі таңда тарихи-мәдени орындарды жергілікті тұрғындар ауызша әңгімелеп береді. Оның ауызекі таралуына байланысты көп өзгеріске ұшырайды, нәтижесінде нақты мәліметтер жоғалып, болжамдар пайда болады. Ал қосымша дұрыс ақпарат береді. Ол тек отандастарға ғана емес, шет елден келген қонақтарға да ыңғайлы. Себебі берілген ақпаратты 5 тілде жеткізеді», - дейді «AV-software» компаниясының өкілі Альмухаметов Айбек.

«Tarihi jol» мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» дүкендері арқылы жүктеп, тегін түрде кез-келген жерде қолдануға болады. Әзірлеушілердің айтуынша Алматы облысының 1 нысаны қосымшаға еңгізілген. Алдағы уақытта 19 маңызы бар жерлер де кірмек.

Сондай-ақ, «AV-software» компаниясының директорының орынбасары Канатбек Ерболат та жоспарларымен бөлісті.

- Өткенді білмейтін халықтың болашағы жоқ, демекші өз тарихымызды толық білмегенше болашаққа толық қадам баса алмаймыз. Жалпы біз үшін басты жетістіктердің бірі пайдаланушылардың оң көзқарасы. Қосымшамызға тағыда Қазақстандағы барлық облыстың мәдени жерлерін қосу жоспарымызда бар, - деді ол.

Айта кету керек, қосымшаны Алматы облысының әкімдігі, ішкі саясат басқармасы, «AV-software» компаниясы және Сүлеймен Демирел атындағы университет түлектері бірлесіп жүзеге асырып жатыр

Служба Коммуникаций Алматинской области

Поделится
 ←Тізімге оралу

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28

nurliolke@mail.ru

ЖШС «Капшагай тынысы»
KZ-SITE.KZ - создание сайтов в КазахстанеСоздание сайта KZ-SITE.KZ
© 2017 - 2021 ЖШС «Капшагай тынысы»