Декабрь 2018 
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Официальные сайты
Видео

Талдықорғандық 21751 әскери бөлімі Қазақстанда үздік атанды

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Талдықорғандық 21751 әскери бөлімі Қазақстанда үздік атанды
06 Декабря 2018

Талдықорған қаласының 21751 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері арасында үздік атанды, деп хабарлады – өңірлік коммуникацилар қызметі.

Көрсеткен ынта-жігері үшін әскери бөлімнің жеке құрамы ҚР Қорғаныс Министрі Н.Ермекбаевтың грамотасымен, және ҚР ҚК Әуе Қорғанысы күштері бас қолбасшысының және ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері қолбасшысының жылжымалы кубогымен марапатталды.

21751 әскери бөлімі Қазақстанның әуе кеңістігін күзету және қорғау міндетін ойдағыдай атқарып келеді. Жыл басынан бері аталған әскери бөлімнің ұшқыштары «Авиадартс-2018», «Бейбіт миссия-2018», «Ашық аспан-2018», «Аңырақай-2018», «Батыс-2018» сынды халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстардан жүлделі орын алған.

Сонымен қатар, Талдықорғаның аталмыш әскери бөлімі осы жылы Қазақстанда тұңғыш рет СУ-30 СМ жойғыш-ұшқыштары түнде жерүсті межелері бойынша топтық ұшып өтумен жауынгерлік қолдануды пысықтай отырып, түнгі көру көзәйнектерді қолданды. Бұл тәжірибе алдағы уақытта көп мүмкіндіктердің жолын ашады деп жоспарлануда.

21751 әскери бөлімінің командирі полковник Асқар Ізбасов бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік даярлығы мен қызметте мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуда ерекше үлес қосып келе жатқандарын атап өтті.

- Ағымдағы жылы біршама жұмыстар атқарылды. Кез келген тапсырманы толық және сапалы орындауға әзірміз. Әскери қызметшілердің еңбектері толық, әрі әділ ақталды. Біздің бөлім еліміздің қорғаныс жүйесіндегі сенімді серігі деп сеніммен айта аламын, - деді ол.

Айта кету керек, әскери бөлім осыған дейін 2006, 2009 жылдары жауынгерлік даярлық бойынша Қарулы Күштер арасында бірінші орынға ие болып, Қорғаныс министрінің кубогымен марапатталған.

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28