Архив газеты

Вакансия!
Требуется русскоязычный журналист!
В газетную редакцию «Нұрлы өлке» требуется корреспондент, пишущий на русском языке.

С опытом работы.


Контактные телефоны:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Талғар ауданы Кайнар ауылының жол жөндеу жұмыстарына 24 млн. тг астам қаражат жұмсалады

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Талғар ауданы Кайнар ауылының жол жөндеу жұмыстарына 24 млн. тг астам қаражат жұмсалады
11 Марта 2019

Өткен жылы облыстағы жолдардың жөнделуіне 50,4 млн.тг бөлінген. Аталмыш қаражат есебінен аумағы 1050 шаршы метр болатын асфальт пен 16700 шаршы метр көлемінде балласттық тас құм төселді. Одан бөлек, ұзындығы 26750 шаршы метрді құрайтын жол учаскелері жөнделді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Талғар ауданының әкімі Рыскелді Сәтбаевтың айтуынша: «Ағымдағы жылы Жаңалық, Жалғамыс және Көктал ауылдарында орналасқан Мыңбаев, Саурық батыр, Сыпатай батыр және Жүргенов көшелері жөнделеді. Аталмыш объектілерді жөндеуге бюджеттен жалпы соммасы 24,2 млн.тг бөлінген.

Айта кетейік, Қайнар ауылдық округінің Көктал ауылында «Айғаным» және «Ай-Абылай» ықшам аудандарында жалпы ұзындығы 22 км болатын 47 көше бар. Енді, осы жылдың екінші жартысында облыстық жол әкімшілігіне жеті көшені күтіп-ұстауға бюджеттік өтінім берілетін болады. Сондай-ақ, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында биылғы жылы Қайнар ауылдық округінде жалпы сомасы 13 миллион 700 мың теңгеге 4 көшенің жөнделуі қарастырылған.

«Талғар ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі мен «Айсем және Ко» ЖШС арасында «Ерген» мен «Айғаным» ықшам аудандарын сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша келісімшарт жасалған. Құны 508 480 000 теңге болатын бұл жобаны осы жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр. Келісімшартта көрсетілген міндеттемелер мен жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес, су құбыры салынған жерлерде асфальт төсеніштері қалпына келтіріліп, жер үсті жолдары толығымен жабылған.

Бүгінгі күні Талғар аудандық құрылыс басқармасы Айғаным ауылында 300 орындық мектеп құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Темірлан АЙТБАЕВ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28