Архив газеты

Вакансия!
Требуется русскоязычный журналист!
В газетную редакцию «Нұрлы өлке» требуется корреспондент, пишущий на русском языке.

С опытом работы.


Контактные телефоны:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Сенатор жұмыс сапарымен келді

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Сенатор жұмыс сапарымен келді
15 Марта 2019

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Наурызбайұлы Кылышбаев жұмыс сапарымен Қапшағай қаласында болып, «Маревен Фуд Тянь - Шань» ЖШС-нің басшыларымен кездесті. Кездесуге Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жандос Тұрысбеков және БАҚ өкілдері қатысты.
«Маревен Фуд Тянь - Шань» ЖШС-і  директорының  міндетін  атқарушы  Меруерт Абдралиева, сапа  департаментінің  директоры  Марат  Жарасов,  қаржы директоры  Станислав  Дегтяров  кездесу  барысында  сенаторға  фабриканың әлеуметтік-экономикалық  даму  барысымен  және  слайд  арқылы  зауыттың  4 желісінің  барын, онда  макарон  өнімдерінің  бірнеше  түрін  және «Ролтон» кеспесінің  қалай  дайындалатыны  түгелімен  егежей-тегжейлі  түсіндірді.
Нұрлан Наурызбайұлы кәсіпорынның тұрмыстіршілігімен және жұмысшылардың жағдайымен таныс болды. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы өнім шығаруға қажетті жабдықпен толық қамтылып, еңбеккерлер тиісті жалақыларын мерзімінде алып, барлық жағдай жасалып отырғанын, сондай-ақ шикізаттың тапшылығын жеткізді.  Өйткені шикізаттың деншілігі  сырттан әкелінеді, одан басқа асқа қосылатын тұз сапасын жақсарту үшін бірнеше өңдеуден өткізіледі.
Қала басшысы Талғат Қайнарбеков  Шеңгелді  алқабы  пияздың  отаны  дей  келе, Қапшағай аймағында кәсіпорынға қажетті сәбіз, тағы басқа өнімдерді жергілікті жерде өндіріп, өңдеуге болатындығы жөнінде айтса, сенатор Наурызбай Қылышбаев әңгіме барысында «7 - 20 - 25» бағдарламасына  орай, кәсіпорын тарапынан ведомстволық үй салу жөнінде өз ұсынысын білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28