Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Мамыр 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Ресми сайттар
Видео

Партия конференциясы болып өтті

» Bаsty bеt » Партия конференциясы болып өтті
29 Сәуір 2019

Сәуір айының таяу күндерінде «Нұр  Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы болып өтті.  Осы саяси шараға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, партия белсенділері, қалалық мекеме, бөлім басшылары, этно-мәдени орталық өкілдері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, партияның «Жас Отан» жастар қанаты және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
 Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ақтанберді Қалқа-байдың модераторлығымен өткен конференцияның күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті ХVІІІ съезінде сөз болған «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру туралы Қапшағай қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ержан Нұрпейісов баяндама жасады.
Конфренцияның күн тәртібіндегі екінші мәселе «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына делегаттарды сайлау туралы болып, облыстық конференцияға қаламыздан төрт делегат сайланды.
Осымен «Нұр  Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өз жұмысын аяқтады.

Алтынбай ШӘКЕНҰЛЫ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28