Декабрь 2018 
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Официальные сайты
Видео

Межелі міндеттер айқындалды

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Межелі міндеттер айқындалды
06 Декабря 2018

Президент күні мерекесі қарсаңында Қапшағай қаласының мәдениет үйінде мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау аясында Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен семинар-кеңес болып өтті. Семинар - кеңеске Қапшағай қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Панфилов, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың басшылары мен қызмет көрсетуші қызметшілері қатысты. Басқосуды Қапшағай қаласы әкімі аппарат басшысы Ермек Қожахметов кіріспе сөзбен ашты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы заманауи кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілген. Бағалау жүйесінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың негізгі ережелері, қағидаттары, блоктары, органдар және ұйым жүйесі мен оны жүргізу тәртібі, нәтижелерін айқындау мен оларға шағымдану, сондай-ақ тиімділікті бағалауға қатысушылардың жауапкершілігі айқындалған. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың мақсаты оларға жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылу тиімділігін айқындау болып табылады.

Іс-шара барысында Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік  қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы  Әлия  Қалманбетова мемлекеттік билік орган­дарының қызметін жетілдіру әрбір елдің не­гіз­гі мақсаттарының бірі болып табылатындығын, Қа­зақстанда алдағы кезеңде мемлекеттік орган­дардың тиімділігі мен еңбек нәтижелігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып келе жатқандығын тілге тиек етті.  Әлия Зейнеқабылқызы тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жасап, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша облыс көлемінде орын алып отырған олқылықтарды атап, оның себептерін анықтау мақсатында аудандардан келген өкілдерге сауалдар қойып, жауаптарын тыңдап, қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі дамыту үшін қандай бағыттар бойынша тиісті жұмыстар атқару қажеттігін жиналғандардың қаперлеріне салды.

Сонымен бірге қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сан алуан сауалдарына сала мамандары тарапынан толымды жауаптар алды.

 

Өз тілшіміз

 

 

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28