KZ      RU

  • Bаsty bеt
  • Biz týraly
  • Habarlandyrý
  • Qyzmetter
  • Baılanys
Біздің газеттің бетіне кез келген нұсқадағы хабарландыруларды орналастырып бере аламыз. Редакцияның мекен-жайы: 1 ш.а., 41 үй (бұрынғы "Бәйтерек"БО). Телефоны: 2-31-28

Яндекс.Погода

Gazet muraǵaty
  • 2021жыл
  • 2020 жыл
  • 2019 жыл
  • 2018 жыл
  • 2017 жыл

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


←Қаңтар 2021 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ресми сайттар
Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdentiniń resmı saıty

      

Almaty oblysy ákimdiginiń saıty

Qapshaǵaı qalasy ákimdiginiń saıty

Видео
Saqbol " мобильді қосымшасы»

Соц.сети
Nurli Olke




Мектеп қажеттіліктеріне ақша жинаудан бас тарту ата-ана Кодексінде тіркеледі

» Bаsty bеt » Мектеп қажеттіліктеріне ақша жинаудан бас тарту ата-ана Кодексінде тіркеледі
11 Қыркүйек 2018

11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңында білім беру саласындағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Кездесу барысында республика бойынша мектептерде заңсыз ақша жинау, сонымен қатар «Астана – адалдық алаңы» жобасының осы бағытта жүргізген жұмысының қорытындылары туралы білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелер қарастырылды.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сондай-ақ, елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесі №54 мектеп-лицейін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді.

Мектептің қаржылық қызметінің ішкі аудитінің қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу 60 млн. теңгені құрады, оның ішінде 10 млн. теңге қызметкерлерге үстемақы және  материалдық-техникалық базаны нығайтуға 50 млн. теңге бөлінген.

Жаңа стандарттар бойынша бес жаңа кабинет: «GardenHub» көпфункционалды кабинет, коворкинг алаңы, жаңа мұғалімдер бөлмесі, студенттер үшін рекреациялық аймақ, «Intellectum» бөлмесі және «STEM» зертханасы ашылды.

Елордалық білім беру басқармасының басшысы Ануар Жангозин «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесімен бірлесіп Астана қаласының білім беру ұйымдарында қаржы жинау мәселелерін жою үшін #НЕТ_ПОБОРАМ акциясын іске қосқанын атап өтті. Бүгінгі таңда ата-аналар үшін инфографика әзірленген, ол сондай-ақ білім беру ұйымдарының барлық басшыларына жіберіледі.

«Аптаның соңына дейін бұл инфографика ұйымдардың ресми интернет-ресурстарына, сондай-ақ оқу орнының кіреберісінде орналастырылады. Биылғы жылы мектептер үшін Ата-ана кодексі әзірленді, қазіргі уақытта бұл Кодекс іске асырылатын болады»,- деді Жангозин.

Жоба кеңсесі Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, оқу орындарының басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру туралы құжат әзірледі.

Жаңа құжат заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіптік қызметтің жариялылығы принциптерін сақтау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін анықтауды білдіреді. Бағыныштылар үшін заңсыз әрекеттерде жеке жауапкершілік анықталады. Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады, құжат - бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын ұтымды, ашық және заңды іске асыру үшін жауапкершілікті күшейтуді міндеттейді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар МҚІСЖҚА Төрағасының фейсбуктегі парақшасына, жеке блогына («Ашық диалог» интернет-порталы) және alik.shpekbayev@gmail.com электронды пошталарына шағымдар мен ұсыныстармен өтініш жасай алады.

 

    МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

Поделится
 ←Тізімге оралу

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28

nurliolke@mail.ru

ЖШС «Капшагай тынысы»
KZ-SITE.KZ - создание сайтов в КазахстанеСоздание сайта KZ-SITE.KZ
© 2017 - 2021 ЖШС «Капшагай тынысы»