Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Мамыр 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Ресми сайттар
Видео

Кейуаналарды мерекемен құттықтады

» Bаsty bеt » Кейуаналарды мерекемен құттықтады
15 Наурыз 2019

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағынай Мұсағитов, қалалық орталық мешіттің бас имамы Алдажар Сейітұлы, қала әкімінің баспасөз хатшысы Ардақ Қасымханова БАҚ өкілдерімен бірге ғасыр жасаған әже Мұқсина Қалдыбаеваның шаңырағына арнайы барып, мейрамымен құттықтады. Жасы жүзге келген кейуана меймандарын жарқын жүзбен қарсы алып, төрге оздырды. Мұқсина Ахметсафақызы өзін елеп-ескеріп, мерекемен құттықтап келіп жатқан қонақтарына жүрекжарды алғысын білдіріп, ақжарма тілектердің тиегін ағытып, ақ батасын берді.
Мұқсина әженің атасы Қалды-
байдың, әкесі Ахметсафаның қажылыққа    барғандығын,    келін
болып түскен әулеттегі қайына-таларының да қажылық парызын орындаған адамдар екендігін тілге тиек ете келе, өзінің де 86 жасында қажылыққа барып келгендігін және сол сапары барысында көрген-білгендерін бүгешүгесіне дейін әңгімелеп берді. Ғасыр жасаған әже ұшаққа мінгеннен бастап, қай елдің қандай қалаларында аялдағандығын, ол жерлерде болған жағдайлардың және  қажылық  парызын  орындау
кезінде атқарған құлшылық-тарының әрбір сәтін жаңылыспай айтып берді. Әженің әңгімесінің әсерлілігі сонша, тыңдаушының өзі сол оқиғалардың ортасында жүргендей күй кешеді десек, артық айтқандық болмас. Құттықтауға келген қонақтар да кейуананың әңгімесіне тәнті болып, оның есте сақтау қабілетіне таңырқаумен болды.
Мұқсина әженің әкесі Ахметсафа Семей қаласында 20 жыл мешітте имам болған болса, әжейдің өзі 45 жасынан бері намазын намазын қаза қылмай келеді екен. Қалалық мешіттің бас имамы Алдажар Сейітұлына жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Алла жазса, күн жылыған соң, өзі де Алла үйіне бас сұғып, жаңа ғимаратты өз көзімен көргісі келетіндігін жеткізді.
Он баланың анасы, немере-лерінің қызығын көріп, шөбере сүйіп отырған Мұқсина әже өзін құттықтап келген қонақтармен жылы қоштасып, ғұмыр-жасты Алла Тағала беретіндігін, «Құдай деген құр қалмайды» дегенді қаперден шығармай, әрдайым дұға-тілекте болып,  Ислам дінінің
негізгі қағидаларын берік ұстанып жүрген пендесіне Алланың да берері мол екендігіне меймандардың назарын аударды.
Сонымен қатар, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағынай Мұсағитов, қалалық орталық мешіттің бас имамы Алдажар Сейтұлы Қапшағай қаласының тағы бір қарт тұрғыны 95 жастағы Анна Дубинаның үйіне барып құттықтап шықты. Анна Гуряновна ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шығыпты. Қазіргі таңда қос жанарынан айырылған кейуана қызының қолында тұрып жатыр екен. Өзін құттықтап келіп, тарту-таралғы жасап жатқандықтары үшін балаша қуанған Анна әжей қонақтарына риясыз алғысын жаудырды.

А. КӨПТІЛЕУОВ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28