Декабрь 2018 
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Официальные сайты
Видео

Елбасы-ұлт мақтанышы

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Елбасы-ұлт мақтанышы
06 Декабря 2018

№3 орта мектепте Тұңғыш Президент күні мерекесі құрметіне орайластырылған «Елбасы - ұлт мақтанышы» атты мерекелік іс-шара болып өтті.  Мерекелік шараға Қапшағай гарнизоны Әскери полиция бөлімінің ардагерлер  қауымы төрайымы Үміт Молдаханова, Қапшағай қалалық қорғаныс істері бөлімі бастығының кадрлар, саптың және құпия емес іс жүргізу жөніндегі көмекшісі Аида Коршиева, қалалық қорғаныс істері бөлімінің әскери дайындық, әскерден тыс, бастапқы әскери дайындық және әскери техникалық істер жөніндегі инспекторы Арайлым Ақшабаева және Қапшағай гарнизоны Әскери полиция бөлімінің бірқатар қызметкерлері құрметті қонақ ретінде қатысты.
Мектептің мәжіліс залында өткен мерекелік жиын «Мәңгілік ел» композициясымен ашылды.
Шара барысында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасалды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш, Корея Республикасының Президенті Мун Дже Ин, Қытай Халық Рес-публикасының басшысы Си Цзиньпин, Америка Құрама Штаттарының   Президенті       До-
нальд Трам пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Нұрсұлтан Әбішұлы жайлы айтқан  жылы  лебіздері   мен   Н.  Назарбаевтың
мемлекет басшылары мен халыққа арнаған тебіреністі сөздері жазылған бейнебаян  көрсетілді.  
Қонақтар атынан сөз алған Қапшағай гарнизоны Әскери полиция бөлімінің ардагерлер  қауымы төрайымы Үміт Молдаханова Тұңғыш Президент күні мерекесінің тарихы мен мән-маңызына кеңінен  тоқтала келе, өткізіліп отырған шараның жоғары деңгейде ұйымдастыра білген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мира Әбікеноваға, әлеуметтік педагог Айдана Әлімжанға ризашылығын жеткізді.
Одан кейін зал толы қауым  музыка пәні мұғалімі Тоқжан Қалиеваның басшылығымен осы
білім ордасының өнерпаз шәкірт-терінің күшімен әзірленген аталмыш мейрам құрметіне арналған концерттік бағдарлама-ны тамашалады.
Концертте мектеп оқушылары «Елбасы», «Нұраға», «Елбасы ел бағым» әндерін тамылжыта шырқап, көрермендердің құлақ құрыштарын қандырса, мың бұралған бұрымды шәкірттер киелі сахнаны бимен көркемдеді.
Қапшағай гарнизоны әскери полиция бөлімінің бөлімше бастығы,  аға сержант Бақытжан Ахметжанов әуелете шырқаған рухты әндері жиналғандардың жігерлерін жанып, рухани серпіліске жетелегендей әсер қалдырды.
Сонымен қатар, әскери қызметшілер мектептің спорт залында 7-10 сынып оқушыларына қару-жарақ түрлерін таныстырып, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.

А. КӨПТІЛЕУОВ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28