Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Мамыр 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Ресми сайттар
Видео

Биыл 30 күн ауыз бекітеміз

» Bаsty bеt » Биыл 30 күн ауыз бекітеміз
02 Мамыр 2019

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы мамырдың 6-нан бастау алады. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы мәлімдеді.

Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту - ораза боп саналады. Рамазандағы ауыз бекіту ислам дінінің бес парызының бірі боп табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамадан - ай аты болса, ауыз бекіту парызы - қазақша ораза (арабша саум) деп аталады.

5 мамырдан бастап барлық мешіттерде Тарауих намазы оқылады. Биылғы жылдың оразасы 30 күн болады. Еске салсақ, бірнеше жыл қатарынан Рамазан айы 29 күнге толып келген. Мамандар мұны дін ғалымдарының айдың толығуын зерттеп шығарған пәтуәсі деп түсіндірді. Сондай-ақ, 2019 жылы бүкіл орта Азия бойынша Рамазан бір күнде басталып, бір күнде аяқталмақ. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түні -қасиетті жұмаға сәйкес келіп отыр. пітір садақаның жан басына шаққандағы құны – 300 теңге болып бекітілген.

«Ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған және денсаулығы ауыз бекітуге жарайтын әрбір мұсылманға ораза тұту парыз. Денсаулық демекші, созылмалы асқазан ауруы бар, қан диабетіне шалдыққан және де басқа дәрігерлер кеңесі бойынша тәулігіне ас сусыз жүруге болмайтын адамдар ораза тұтпауына рұқсат етіледі. Сондай ақ, жүкті және емізулі баласы бар әйелдер және сапарға шыққан жолаушы ораза тұтпауына болады. Алайда, науқас ауруынан айыққан соң, әйел баласын сүттен шығарғаннан кейін және жолаушы сапары біткен соң, оразаның жіберіп алған күндерін тұтуға міндетті»,- деген қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов кімдерге ораза ұстау міндет екендігін нақтылап айтып берді.

Рамазан – сынақ айы. Адам баласы бұл айда өз нәпсісін тыйып, жаман нәрседен, яғни ғайбат сөйлеуден, ауыр күнә жасаудан, жала жабудан аулақ болып, жақсы нәрселерге, яғни өзін сабырлыққа, шыдамдылыққа, тақуалыққа тәрбиелеуі керек. Ораза адам баласы мен Ұлы жаратушының арасындағы сыр. Кісінің ораз тұтып жүргені бір Аллаға ғана аян. Сондықтан Исламда иманның, сенімнің жоғары тұратындығы осыған дәлел. Әлдебіреу ораза тұтқан адамның көңіліне тиіп, балағаттаса, ауыр сөз айтып, қол жұмсағысы келсе, әлгі аузы берік кісі: «Мен оразамын»,-деп үш мәрте айтуы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бір кісі келіп: «Ей Алланың Елшісі (с.ғ.с.)! Маған айтыңызшы, қай амалды істесем, жұмаққа кіремін?»-деп сұрапты. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Оразаң сені алып кіреді»-деп жауап береді. Әлгі кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, тағы да әлгі сұрақты қойған уақытта жоғарыдағы жауабын қайталапты.

Олай болса, қадірменді мұхтарам жамағат Алла Тағала алдымызда келе жатқан мүбарак Рамазан айын және ұлық Қадір түнін баршамызға құтты қылып, Осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!

Балжан Жұманбекова

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28