Архив газеты


Ардагерлерге көрсетілген құрмет

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Ардагерлерге көрсетілген құрмет
10 Января 2019

Ардагерлер дегенде бірден есімізге соғысқа қатысқан жауынгерлер,  тылда еңбек еткен апаларымыз көз алдымызға келеді. Жарқын күндерді жақындатқан соғыс ардагерлерінің ортамызда жүргендері санаулы ғана. Оларға әрқашан тағзым ету, құрметтеу - біздің парызымыз. Ал Қапшағай қаласының іргетасын қалағаннан бастап жастық қайрат – күштерін, жалын жігерлерін қаламыздың өркендеп дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері де көрсетіліп жүрген құрметтен кенде емес.
Ел бірлігін, тірлігін сақтау, ұрпақтар сабақтастығын қамта-масыз ету, ішінде дауы, сыртында жауы жоқ ел болуға, жастарды ел мен жерді сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу бүгінгі ардагерлердің парызы да, борышы да, міндеті де болуда. «Қариясы жоқ ауылдың жастары дуана болар» дегендей жастарымыздың дені сау, тәні сау салауатты өмір салтын қалыптастыруға түбегейлі бетбұрыс жасалып жатқан кезеңде ардагерлердің билік тізгінін ұстаған азаматтарға ақылшы, кеңесші болып келеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей, білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек. Ұлттық тәрбиенің ең асылы – ол қарттарымызға сый-құрмет көрсету. Себебі, қарты бар үй қазынаға толы. Осынау игі істерді жүзеге асыруды Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков дәстүрге айналдырып келеді.
Соның жарқын көрінісіндей Жаңа жыл қарсаңында қала басшысы «Монако» мейрамханасында ардагерлермен кездесіп, солардың құрметіне арнап дастарқан жайды. Қонақтарды мейрамхананың дәлізінде қа-лалық Балалар шығармашылық орталығының домбырашылар ан-
самблі Құрманғазының «Сары-арқа», «Адай» күйлерімен қарсы алды. Әсерлі кездесу ұлттық дәстүрімізге сай қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болатбек Тұрғамбаевтың ақ батасымен басталды.
 Бұдан кейін қала әкімі Талғат Қанатұлы дастарқанға жиналған ардагерлерге алғысын білдіріп, өткен жылға шолу жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар жайында хабардар етіп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
-Қаламыздың ардагерлері кейінгілерге үлгі болып, қоғамдық сананы жаңғырту жолында ата-бабаларымыздың ерекше қастер тұтқан асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды лайықтап жалғастыру жолында аянып қалмақ емес, - деді қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сергей Вижунов.
- Қапшағай қаласының соң-ғы екі жыл ішінде жасарған, жаңарған бейнесі көңілімізге көп қуаныш әкелді. Жаңадан салынған жағажай, жөнделген шағынаудан аулалары,  қалаға көрік берген зәулім мешіт, Заречный мен Шеңгелді ауылдарында қолға алынған игі істер мен бас-тамалар соның айғағы. Біз, ардагерлер, адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, бағытта ауқымды жұмыстар атқара бермекпіз,-деп Қапшағай қаласының Құрметті азаматы Амангелді Бесбаев өзінің жүрекжарды пікірін білдірді.  
Кездесу барысында қалалық Балалар шығармашылық орта-лығы мен қала өнерпаздары өнер көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28