KZ      RU

  • Bаsty bеt
  • Biz týraly
  • Habarlandyrý
  • Qyzmetter
  • Baılanys
2020 жылға жазылу басталды. Бір жылға жазылу бағасы: 4000 теңге. Cіз газет редакциясында жазыла аласыз. Редакция мекен-жайы: Қапшағай қ., 1-ші шағынаудан, 41 үй Телефон: 2-31-28

Капшагай Gismeteo

Gazet muraǵaty
  • 2019 жыл
  • 2018 жыл
  • 2017 жыл

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


←Желтоқсан 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Ресми сайттар
Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdentiniń resmı saıty

Almaty oblysy ákimdiginiń saıty

Qapshaǵaı qalasy ákimdiginiń saıty

Видео
Соц.сети
Nurli Olke

Алматы облысының жедел жәрдем қызметі GPS жүйесімен қамтылған

» Bаsty bеt » Алматы облысының жедел жәрдем қызметі GPS жүйесімен қамтылған
28 Қараша 2019

Алматы облысының 2005246 тұрғындарына жедел жәрдем станциясының балансында 121 жедел жәрдем тобы күн-түн демей көмек көрсетуде. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап меншігінде 1 ұшақ пен тік ұшағы бар медициналық аваиация жұмыс жасауын бастаған. Бүгінде жедел жәрдем қызметінде 54 дәрігер, 728 фельдшер, 684 жүргізуші жұмыс істейді.

« 2018 жылдық 11 қыркүйегінен бастап бірыңғай диспетчерлік қызмет көрсету жобасы қолға алынған. Онда облыстың түкпір-түпірінен келіп түсетін барша қоңыраулар Талдықорған қаласындағы №1 емханада орналасқан диспетчерлік қызметте сақталынып, жазылады. Тәулігіне 1800-2200 түрлі санаттағы хабарламалар келіп түседі», - дейді Алматы облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Қанат Қалдыбаев.

Көмек-103 бағдарламасының жүзеге асуына орай көрсеткіштер біршама жақсарған. Атап айтсақ, көрсетілген мекен-жайға бару ұзақтығы 18,9 минуттан 12,5 минутқа қысқарса, ауруханаға жеткізгенше көз жұму жағдайы 2145-тен, 1985-ке төмендеген. Ал, сәтті ранемациялау кезеңі бойынша көрсеткіш 45-тен, 75-ке артқан.

Облыста барлығы 8 реанимобиль бар. Олардың біреуі қалада болса, қалған жетеуі ауылдарда. Облыста 100% жедел жәрдем көлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 811 бұйрығына сәйкес сары түске боялған. Жедел жәрдем бригадасы 100% GPS-навигация жүйесімен қамтылғандығы баспасөз-мәслихатында мәлім болды.

Алматы облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Қанат Қалдыбаевтің айтуынша, дәрігерлермен қамтамасыз ету 68,1%, ал орташа медициналық қызметкерлер 100% құрайды. Медицина мамандары халықаралық стандарттарға сай білім алған. Сонымен қатар жедел жәрдем жүргізушілері «Қиын жағдайда қауіпсіз жүргізу» және «Парамедика» циклды оқыған. Яғни жол ережесімен қоса науқасқа алғашқы көмек көрсетудіде меңгерген.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап обылыстық жедел жәрдем станциясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №2 тараудағы «Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес барлық шақырулар шұғыл 4 санатқа бөлінеді.

1-2-3 жеделдегі категориялары - бұл науқастың өмірне қауіп төндіретін жағдайлар, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Жедел жәрдемнің шақырылған жерге жету уақыты 1 шұғыл санат 10 мин. 2 санат 15 мин. 3 санат 30 минуттан аспауы тиіс.

4-ші санат- науқастың созылмалы ауруының өршуінен туындаған, өміріне қауіп төндірмейтін жағдай болып саналатындықтан медициналық топтың келу уақыты 60 минутты құрайды.

Тағыда айта кетерлігі ендігі кезде 24-03-51 нөміріне хабарласу арқылы жедел жәрдемнің қызметіне жүгінуге болады. Бұл байланыс нөміріде 103 сияқты диспетчерлік орталыққа қосылады.

Жол картасы мен № 450 бұйрықтың негізінде аудан мен қалалардағы қабылдау бөлімдеріне 3Н жүйесі енгізілген. Науқасты жедел жәрдем бөлмесіне жеткізу кезіндегі бұл жүйенің мәні - 3Н жүйесі бойынша (қызыл, сары, жасыл аймақ) медициналық сұрыптау жүргізеді. Аталмыш жүйе науқасқа шұғыл жағдайда жедел медициналық көмекті уақытылы көрсетуге арналған.

Денсаулық сақшыларына берілген тапсырманың орындалу рейтингі бойынша Алматы облысы республикада екінші орында тұр.

Анар Сабырова

 ←Тізімге оралу

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28

nurliolke@mail.ru

ЖШС «Капшагай тынысы»
KZ-SITE.KZ - создание сайтов в КазахстанеСоздание сайта KZ-SITE.KZ
© 2017 - 2019 ЖШС «Капшагай тынысы»