Архив газеты


Алматы облысында коммуналдық төлемдерге өтемақылық тарифтер енгізіледі

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Алматы облысында коммуналдық төлемдерге өтемақылық тарифтер енгізіледі
03 Января 2019

Алматы облысында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,7 млрд. теңге көлемінде уақытша өтемақылық тарифтер орнатылады. Мәселен, электр қуаты үшін бұрынғы тариф 16,39 болса, ол 10,4 %-ға дейін төмендетіліп, 14,68 теңгені құраған, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 5 қазан күнгі халыққа жолдауында, экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керектігін атап өтіп, «коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы әлі күнге дейін ашық емес» деген болатын. Осы мақсатта облыста табиғи монополияларды түбегейлі тексеру, реттеу жұмыстары жүргізілген.

Осыған сәйкес, облыста 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап - қоқыс шығару қызметінің тарифі 154 теңгеден 135 теңгеге дейін, яғни 12,3% - ға, жедел саты қызметінің тарифі 15,3 теңгеден 13,5 теңгеге дейін, яғни 15,9% - ға төмендейді. Ал, Қапшағай қаласында жылу үшін алынатын төлемақы тарифі 19,4%- ға, ыстық су 23,9 %-ға, сонымен қатар, Талдықорғанда жылу үшін алынатын төлемақы тарифі 9,3 %-ға, ыстық су үшін 10 %-ға дейін төмендемек.

Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Сәрсембайқызы Айжанның айтуынша, мұндай жұмыстар әлі де жүргізілетін болады.

«Негізінен облыста 135 монополиялық субьектілер бар. Әзірше оның 57 –сі ғана уақытша өтемақылық тарифтер қойып отыр. Алдағы уақытта мұндай тексеру жұмыстары белсенді түрде жалғасатын болады», - дейді ол.

Бұдан бөлек, өңірде Қаражыра және Шұбаркөл кендерінен көмір сатушылармен меморандумға қол қойылған. Оның нәтижесінде«Қаражыр» көмір өндіруші өз бағасын 6% - ға, яғни 13500-ден 12700 теңгеге дейін, ал «Шұбаркөл» көмірі 7% - ға, 13400-ден 11700 теңгеге дейін арзандаған.

Айта кету керек, 2019 жылы өңірдегі 50-ден аса су қоймаларына тексерістер жүргізіліп, және олардың тарифтерін төмендету жоспарланған.

МЕРУЕРТ МАХМҰТЖАН

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28