Архив газеты

Вакансия!
Требуется русскоязычный журналист!
В газетную редакцию «Нұрлы өлке» требуется корреспондент, пишущий на русском языке.

С опытом работы.


Контактные телефоны:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Алматы облысында аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы өткізілді

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Алматы облысында аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындысы өткізілді
11 Марта 2019

Алматы облысының тексеру комиссияның төрағасы Мейрам Мусаев облыстағы 2018 жылдың аудиторлық және сараптамалық –талдау іс-шараларының қорытынды есебін өткізіп, алдағы басты міндеттермен таныстырды – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баспасөз мәслихаты барысында өткен жылда атқарылған жұмыстар жөнінен ақпарат берілді. Спикердің айтуынша, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша жұмыстарды атқару көзделуде. Өткізілген аудиторлық және сараптамалық –талдау іс-шараларының жалпы саны 65. Оның ішінде 20 шара сараптамалық талдау жүйесі бойынша болса, сәйкесінше 45-і аудиторлық мақсатта жүргізілген.

“2018 жылы бақылау объектілерінің саны - 734. Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары – 9 244 238,1 мың теңгені құрады. Олардың қатарында қаржылық, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары тіркелген. Сонымен қатар, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен жоспарлау, мемлекет активтері секілді жүйелер аясында заң нормалары бұзылған. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған лауазымды адамдар саны 45, тәртіп бойынша 162 адам тіркеуге алынды”, - деді Мейрам Мусаев.

Айта кету керек, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың басынан бастап уәкілетті органдарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін 44 материал жолдап, олардың 39 жағдайына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соған орай бюджет есебіне жалпы сомасы 2 278,7 мың теңге әкімшілік айыппұл түскен

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28