Bos jumys oryndary
Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.
Baılanys telefondary:
8 (72772) 2 32 32,
8 705 965 3661
Bаsty bеt
Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!
2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтар жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды ауыстырды, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және мемлекетіміздің басты құндылығы адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір рет дәлелдеді.
«Ауыл» партиясы Қазақстанның жаңа даму моделін ұсынады. Біздің Қазақстан – бұл:
- дәстүрлі рухани құндылықтар мен ұлттық мәдениетін сақтаған;
- ауылда өмір сүру сапасының жоғары стандарттары орныққан және ауылы мен қаласының арасында әлеуметтік тұрғыдан алшақтық жоқ ;
- қажетті барлық азық-түлікті өзі өндіретін ел.
Біздің басты міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Осы мүмкіндіктерді пайдалану – азаматтарымыздың өз таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты.
1. Геосаяси шиеленіс. Әлемдік ірі державалардың ықпал ету салаларына қатысты текетіресі күшейе түсуде. Бұл аймақтық қақтығыстардың көбеюіне алып келеді. Соңғы 10 жылда біз Ирак, Ливия, Сирия, Украина, Таулы Қарабақ және басқа да өңірлердегі қарулы қақтығыстардың куәсі болдық. Бірқатар елдерде бұл мемлекеттілік пен экономиканың толықтай күйреуіне алып келді.