KZ      RU

  • Bаsty bеt
  • Biz týraly
  • Habarlandyrý
  • Qyzmetter
  • Baılanys
Біздің газеттің бетіне кез келген нұсқадағы хабарландыруларды орналастырып бере аламыз. Редакцияның мекен-жайы: 1 ш.а., 41 үй (бұрынғы "Бәйтерек"БО). Телефоны: 2-31-28

Яндекс.Погода

Gazet muraǵaty
  • 2021жыл
  • 2020 жыл
  • 2019 жыл
  • 2018 жыл
  • 2017 жыл

Bos jumys oryndary. Orystildi jýrnalıs qajet! «Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet. Baılanys telefondary: 8 (72772) 2 32 32, 8 705 965 3661

Bos jumys oryndary

Orystildi jýrnalıs qajet!
«Nurly ólke» gazetiniń redaksıasyna jumys tájirıbesi bar orys tilinde jazatyn tilshi qajet.

Baılanys telefondary:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661


←Қаңтар 2021 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ресми сайттар
Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdentiniń resmı saıty

      

Almaty oblysy ákimdiginiń saıty

Qapshaǵaı qalasy ákimdiginiń saıty

Видео
Saqbol " мобильді қосымшасы»

Соц.сети
Nurli Olke




Bаsty bеt

13 Шілде 2017
Астана күніне арналған жарыс

Шілде айының таяу күндерінің бірінде Шеңгелді ауылындағы Мәдениет үйінің спорт залында ауыл жастары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылған болатын. Бұл мәдени шара Астана күні мейрамына арналды. Жарыс Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Ерғазы Аққойшыұлының құттықтау сөзімен ашылды.

Толығырақ »
13 Шілде 2017
Басты әңгіме баскосуда айтылды

Астана күні мерекесінің құрметіне орай Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-полиция батальонының (Қапшағай қаласы) 5-6-взвод қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалының кеңесшісі Сұлтанғазы Әбдіхалықов пен аталмыш батальон командирінің орынбасары, полиция майоры М. Махдовтың қатысуымен «Астана менің жүрегімде» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Толығырақ »
04 Шілде 2017
Әкімдердің сайлауы тамызда өтеді

Ел Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық ма-ңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтердің құрамына кіретін кенттері мен ауылдары    әкімдерінің    сайлауын
өткізудің кейбір мәселелері туралы» №555 Жарлығына сәйкес, Қапшағай қалалық сайлау комиссиясының 21 маусымдағы №02-12/01 шешімімен Қапшағай қаласы бойынша Заречный және Шеңгелді ауылдық округ әкімдерін сайлау 2017 жылғы 11 тамызға тағайындалды.

Толығырақ »
04 Шілде 2017
Зайырлылық төңірегіндегі басқосу

Ата Заңымыздың алғашқы бабының бірінші тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғандай мемлекетімізді мекендеуші азаматтардың өздері қалаған дінге сенуі де конституциялық құқықтарының бірінен саналады.

Толығырақ »
04 Шілде 2017
Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Үстіміздегі жылы еліміздегі Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Өзіндік орны бар іргелі ұйымның мерейтойы жер-жерде сән-салтанатымен аталып өтуде. Осындай салтанатты жиынның бірі Қапшағай қаласында да болып өтті. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі буынға ізеттілігін аямай, қаламыздың өсіп-өркендеуі мен жастарды адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеу жолында елеулі үлес қосып келе жатқан қапшағайлық қазыналы қарттар қала әкімдігінің мәжіліс залында бас қосты.

Толығырақ »
04 Шілде 2017
Аялдама салынбай жатып сындырылуда

«Ивушкадағы» мына автобус аялдамасы жайында осыны айтуға болады. Күн жұма болатын. Автобус аялдамасына жақындап келгенімде, жас мөлшері 10-12 жастағы үш баланың  аялдама әйнектеріндегі гайкілерді қолдарындағы кілтпенен бұрап босатып жатқанын көріп, ұстап алмаққа ұмтылып едім, бірақ олар №1-ші үй жаққа қашып, жеткізбей кетті. Соған қарағанда олар осы аумақтың балалары болуы мүмкін.

Толығырақ »
29 Маусым 2017
Ұстаздар қауымымен жүздесті

Биылғы бірінші шілдеден бастап Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты және Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Осы орайда жер-жерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ »
29 Маусым 2017
Қала прокуроры құттықтады

Қолына  қалам  ұстаған    қара сөз шеберлерінің кәсіби мере-кесі күні Қапшағай қаласы про-куратурасының прокуроры Ем Николай Борисович қапшағайлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері саналған «Бухта Капшагая» порталының жетекшісі Михаил Ткачты, «Бизнес Дайджест Капшагая» газетінің бас редакторы Сандуғаш Айсағалиева мен осы жолдардың авторы, қалалық әкімдіктің «Нұрлы өлке» газеті бас редакторы Алтынбай Сиқымбекті қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпаттарын берді.

Толығырақ »
29 Маусым 2017
Онамастика мәселесі сөз болды

Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Сағдат Шатанұлы Нұрғазиевтің төрағалық етуімен болған онамастикалық  комиссияның  кезекті  отырысы  қала    мен  өңірдегі елді мекендердегі кө-шелер атауларының өзгертілуіне арналды.
Бұл  жөнінде  «Қапшағай қала-сы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бибігүл Кенжеханқызы Шайкенова есеп берді. Расында кешегі кеңес заманындағы идеология негізінде қойылған көше атаулары жаңа заманға сай өзінің құндылықтарын жоғалтқаннан кейін оларды  өзгерту уақыт талабы болып отырғаны анық.

Толығырақ »
22 Маусым 2017
Түлектер тойы дүркіреп өтті

Өткен бейсенбіде қаланың бас алаңында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 11 жыл инемен білім құдығын қазып, тағылымды тәрбие алған алтын ұяларынан қанат қаққалы тұрған қапшағайлық мектеп бітіруші түлектердің «Алтын арман-2017» атты салтанатты кеші болып өтті.  Ағымдағы жылы Қапшағай өңіріндегі білім ордаларын бітіруші 186 түлектің жиырма бірі «Алтын белгі» иегері атанса,  он алтысы «Үздік аттестат» иеленді. 

Толығырақ »
Барлығы: 1751
<< 1 .. 168 169 170 171 172 173 174 175 176 >>

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28

nurliolke@mail.ru

ЖШС «Капшагай тынысы»
KZ-SITE.KZ - создание сайтов в КазахстанеСоздание сайта KZ-SITE.KZ
© 2017 - 2021 ЖШС «Капшагай тынысы»