Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Мамыр 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Ресми сайттар
Видео

Bаsty bеt

04 Шілде 2017

Ел Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық ма-ңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтердің құрамына кіретін кенттері мен ауылдары    әкімдерінің    сайлауын
өткізудің кейбір мәселелері туралы» №555 Жарлығына сәйкес, Қапшағай қалалық сайлау комиссиясының 21 маусымдағы №02-12/01 шешімімен Қапшағай қаласы бойынша Заречный және Шеңгелді ауылдық округ әкімдерін сайлау 2017 жылғы 11 тамызға тағайындалды.

04 Шілде 2017

Ата Заңымыздың алғашқы бабының бірінші тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғандай мемлекетімізді мекендеуші азаматтардың өздері қалаған дінге сенуі де конституциялық құқықтарының бірінен саналады.

04 Шілде 2017

Үстіміздегі жылы еліміздегі Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Өзіндік орны бар іргелі ұйымның мерейтойы жер-жерде сән-салтанатымен аталып өтуде. Осындай салтанатты жиынның бірі Қапшағай қаласында да болып өтті. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі буынға ізеттілігін аямай, қаламыздың өсіп-өркендеуі мен жастарды адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеу жолында елеулі үлес қосып келе жатқан қапшағайлық қазыналы қарттар қала әкімдігінің мәжіліс залында бас қосты.

04 Шілде 2017

«Ивушкадағы» мына автобус аялдамасы жайында осыны айтуға болады. Күн жұма болатын. Автобус аялдамасына жақындап келгенімде, жас мөлшері 10-12 жастағы үш баланың  аялдама әйнектеріндегі гайкілерді қолдарындағы кілтпенен бұрап босатып жатқанын көріп, ұстап алмаққа ұмтылып едім, бірақ олар №1-ші үй жаққа қашып, жеткізбей кетті. Соған қарағанда олар осы аумақтың балалары болуы мүмкін.

29 Маусым 2017

Биылғы бірінші шілдеден бастап Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты және Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Осы орайда жер-жерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

29 Маусым 2017

Қолына  қалам  ұстаған    қара сөз шеберлерінің кәсіби мере-кесі күні Қапшағай қаласы про-куратурасының прокуроры Ем Николай Борисович қапшағайлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері саналған «Бухта Капшагая» порталының жетекшісі Михаил Ткачты, «Бизнес Дайджест Капшагая» газетінің бас редакторы Сандуғаш Айсағалиева мен осы жолдардың авторы, қалалық әкімдіктің «Нұрлы өлке» газеті бас редакторы Алтынбай Сиқымбекті қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпаттарын берді.

29 Маусым 2017

Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Сағдат Шатанұлы Нұрғазиевтің төрағалық етуімен болған онамастикалық  комиссияның  кезекті  отырысы  қала    мен  өңірдегі елді мекендердегі кө-шелер атауларының өзгертілуіне арналды.
Бұл  жөнінде  «Қапшағай қала-сы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бибігүл Кенжеханқызы Шайкенова есеп берді. Расында кешегі кеңес заманындағы идеология негізінде қойылған көше атаулары жаңа заманға сай өзінің құндылықтарын жоғалтқаннан кейін оларды  өзгерту уақыт талабы болып отырғаны анық.

22 Маусым 2017

Өткен бейсенбіде қаланың бас алаңында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 11 жыл инемен білім құдығын қазып, тағылымды тәрбие алған алтын ұяларынан қанат қаққалы тұрған қапшағайлық мектеп бітіруші түлектердің «Алтын арман-2017» атты салтанатты кеші болып өтті.  Ағымдағы жылы Қапшағай өңіріндегі білім ордаларын бітіруші 186 түлектің жиырма бірі «Алтын белгі» иегері атанса,  он алтысы «Үздік аттестат» иеленді. 

22 Маусым 2017

Рамазан – барша мұсылмандар құрмет тұтатын Құран кәрім аяттары түскен қасиетті де ұлық ай. Бұл айда жасалған бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыз амалдардың сауабына тең болады екен. Рамазан айында ауыз бекіткен жандарға ауызашар беру-үлкен сауап. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Рамазан айында бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да аузы берік адамның алған сауабындай сауап жазылатындығын айтыпты. Олай болса, осы қасиетті айда ораза ұстаушыларға ас беріп, ауыз аштырушыларға одан да үлкен сауап болатындығы даусыз. Рамазан айының құрметіне орай, қала әкімі Талғат Қайнарбеков «Самрұқ холл» мейрамханасында Қапшағай қаласы мен аймағындағы ораза тұтқан жамағат пен ақсақалдарға  арнайы дастархан жайып, ауызашар қонақасысын беріп, сауапты амал жасады.

22 Маусым 2017

Биылғы 23 маусымда Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңын қабылдау Жарлығына қол қойып, Қазақстан полициясының құрылғанына  ширек ғасыр толып отыр. Осы орайда қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Ілияс Сүгіров, қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері, қаланың Құрметті азаматтары, мәслихат депутаттары, кәсіпорындар мен мекемелер өкілдірі, қала тұрғындары қатысты.

Барлығы: 1099

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28