Архив газеты

Вакансия!
Требуется русскоязычный журналист!
В газетную редакцию «Нұрлы өлке» требуется корреспондент, пишущий на русском языке.

С опытом работы.


Контактные телефоны:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Өркенді өңір өрісі

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Өркенді өңір өрісі
11 Февраля 2019

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев 2018 жылдың қорытындысы негізінде шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша қол жеткен жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Қала әкімі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, туризм салалары мен қаланың инфрақұрылымдарын дамыту, сондай-ақ, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау, қоғамдық тәртіп күшейту салаларындағы атқарылған жұмыстар мен түйінді мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

-Халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы қала бюджетінің ұлғаюымен тығыз байланысты екенін, өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 2 млрд 670 млн теңгені құрап, жоспар 104,7 пайызға орындалды.Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және жеміс-жидек өндірісі саласындағы мүмкіндіктерімізге құйылған ивестиция көлемі өткен жылы 6,6 млрд теңгені құрады. Қалада өңдеуші салаға басымдық берілуде. Жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 68,3 пайызы өңдеуші өнеркәсіптің үлесінде. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,6 млрд теңгені құрап отыр. Әсіресе, апорт бақтарын қалыптастыру, ірі қара мал өсіру және сүтті, жемісті өңдеу саласын дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Шағын және орта кәсіпкерлік жүйелі түрде дамып келеді. Қаладағы 1277 шағын және орта бизнес нысандарында 2800-ден астам адам жұмыс істейді. Қалада кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасалуда, - дейді қала басшысы.

Текелі қаласының туристік әлеуетін халықтың игілігіне айналдыруға маңыз беріліп отыр. Қазірдің өзінде осы бағытта 12 нысан жұмыс істейді.

Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан түйінді мәселе – таза ауыз сумен қамту және өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру жұмыстары биыл қолға алынады. Қала әкімі Елбасы Жолдауларында және бағдарламалық мақалаларында айтылған басым бағыттар мен маңызды міндеттер және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алдағы дамуымыздың бағыты мен қозғаушы күші болатынына баса маңыз беріп, қала тұр-ғындарының экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуына күш салынатынын жеткізді.

Биыл «Жастар жылы» аясында қала жастарының мәселелеріне барынша көңіл бөлініп, қалада жастар орталығы, жастар саяжолы ашылатынын, жастардың жалынды жігерімен тың жобалар іске асырылатынын айрықша атап өтті.

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28