Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Мамыр 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Ресми сайттар
Видео

Әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі шаралар

» Bаsty bеt » Әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі шаралар
29 Сәуір 2019

Жақында №3 орта мектептің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында екі бірдей оқыту семинары болып өтті. Оқу семинарларын және «Алакөл әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Рита Нүсіпова мен ««Прогрестің катализаторы» жеке қоры ұйымдастырды.
Алматы облысының  ішкі саясат басқармасының ұйымдас-тыруымен 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында  «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» және «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын және басқа стратегиялық бағдарламаларды  тұрғындар арасында ілгерлету мақсатында  көшпелі лекторий ұйымдастыру және өткізу» атты лоттар шеңберінде өткен өңірлік оқу семинарларына Білім орталығының директоры, республикалық ақпараттық –түсіндіру тобының саясаттанушы-сарапшысы Руслан Самарханұлы Иржанов, жоба жетекшісі Рита Нусупова, «Алакөл әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жібек Төлегенқызы, діни бірлестік жетекшілері, қалалық жастар ресурстық орталығының, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері, Қапшағай қаласының терроризмге қарсы комиссия мүшелері, мемлекеттік және коммуналдық мекеме басшылары, кәсіпкерлер қатысты.  
Екі оқыту семинарын да қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағынай Мұсағитов кіріспе сөзбен ашып, өткізіліп отырған шаралардың мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Екі іс-шара барысында да сөз алған Білім орталығының директоры, республикалық ақпараттық –түсіндіру тобының саясаттанушы-сарапшысы Руслан Иржанов еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауының негізгі басымдықтарын, «Рухани жаңғыру. болашаққа бағдар мақаласын, «Цифрлы Қазақстан» және басқа да стратегиялық бағдарламаларды кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге Руслан Самарханұлы қатысушыларды терроризмге қатысты іс-қимыл белгілерінен қорғану жайындағы мол мағлұматтармен қанықтырды.  
Атап айтқанда, күмәнді заттарға тап болған жағдайда, қоқан-лоққы көрсетіп, қоңырау шалса немесе хат жолдаса, жазатайым терроршылардың тұтқыны болып қалғанда қандай әрекеттер жасау қажеттігін жиналған қауымның қаперлеріне салды. Терроршылардың санаға әсер ету құралдары мен формалары және олардың соңғы технологияларды қолдана отырып, үгіт-насихаттарын қалай жүргізетіндіктері жөнінде әңгімелеп, олардан сақтану жолдарын айта кетуді де есінен шығармады.
Сондай-ақ, тәкфир, хиджра, жиһад ұғымдары жөнінде кең көлемде түсінік берді.
Қос жиналысты да қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағнай Мұсағитов қорытындылап, мейманға маңызды әңгімелері үшін жүрекжарды алғысын жеткізді.

Айжарық БАҚТЫБАЙҰЛЫ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28