Газет мұрағаты

Бос жұмыс орындары

Орыстілді журналист қажет!

«Нұрлы өлке» газетінің редакциясына жұмыс тәжірибесі бар орыс тілінде жазатын тілші қажет.

Байланыс телефондары:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Сәуір 2019 
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930     
Ресми сайттар
Видео

Үжымдағы салтанатты жиын

» Bаsty bеt » Үжымдағы салтанатты жиын
06 Желтоқсан 2018

Қапшағай  қаласының қорға-ныс істер жөніндегі бөлімінің мәжіліс залында Тұңғыш Президент күніне орай, салтанатты жиын болып өтті.  Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Арман Қожамқұлов салтанатты жиынның шымылдығын ашып, ұжым қызметкерлері мен қонақтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттық-тады.
Басқосу барысында қонақтар атынан сөз алған қалалық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Кутеев жиналғандарды мейрамдарымен құттықтап, Тұңғыш Президент күні  Қазақстан Рес-публикасы тәуелсіздігінің тарихында, қалыптасуы мен дамуы жолындағы елеулі орын алатын ерекше мереке болып табылатындығын, 1991 жылдың 1 желтоқсаны  ең алғаш таңдау жасап, жаңадан ту көтерген тәуелсіз мемлекеттің басшысын сайлауға  қол жеткізген тарихи күн екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының есімі  елімізде «Тәуелсіздік», «Қазақстан», «Отан», секілді ұғымдармен қатар айтылып келе жатқаны мен .қазіргі таңда бүкіл әлем таныған Елбасы Н. Назарбаевтың  татулықтың, береке-бірліктің, тұрақтылығымыздың символына айналып отырғандығын баса айтты.
Сонымен бірге Мұрат Бейсетұлы еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен мемлекетіміздің дамуы жолында Нұрсұлтан Әбішұлының атқарып жатқан өлшеусіз еңбектері  жайында баяндап берді.
Келесі кезекте бөлім басшысы Арман Қожамқұлов аталмыш мейрам құрметіне ұжымда еселі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар табыс етті.
Өз кезектерінде сөз алып, мереке қуанышымен бөліскен ұжым қызметкерлері  Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір жүрген жолы, мемлекет үшін жасаған қажырлы еңбегі бүгінгі жастарға үлкен үлгі-өнеге, рухани мектеп болатындығын баса айтты.

Айжарық БАҚТЫБАЙҰЛЫ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28