Архив газеты

Вакансия!
Требуется русскоязычный журналист!
В газетную редакцию «Нұрлы өлке» требуется корреспондент, пишущий на русском языке.

С опытом работы.


Контактные телефоны:

8 (72772) 2 32 32,

8 705 965 3661.

Шуақ шашқан Жаңа жыл кеші

Главная » Bаsty bеt \ Главная » Шуақ шашқан Жаңа жыл кеші
10 Января 2019

Халық арасында «Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тас-тап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген Жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады» деген сөз бар. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп атамыз қазақ бекер айтпаған.
Кезінде «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылың солай өтеді» дегенге сенгеніміз рас. Бірақ қалай дегенмен де бүгінгі тәуелсіз еліміздің биігінен қарасақ тағдырымызды бір күнге теліп те қойған күніміз болды. Жаңа жыл түнінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл күні теледидардан мерекелік бағдарламалар, туған-туыстың құттықтаулары мен балалардың ерекше көңіл-күйін сезбеу мүмкін емес. Үлкендер келесі жылға басымыз аман, бауырымыз бүтін жеткенімізге Аллаға шүкір деп, осы күнімізге тәуба айтамыз. Жыл аяқталар тұста өз-өзімізге есеп беріп, «қандай жетістікке жеттім? Не істедім, не бітірдім?» деген секілді сансыз сауалға жауап береміз. Табалдырықтан енгелі тұрған жылға үмітпен қараймыз. Армандаймыз, ниет етеміз. Жетістікке жету үшін алдымызға мақсат қоямыз. Сол арман-тілектердің орындалуына жоспар құрамыз.
Қапшағай қаласының орталық алаңына орнатылған шырша маңына қапшағайлықтар мен қала қонақтары  көптеп жиналды. «Новогодняя» дуэтінің орындалған әнмен бірге сахна төріне жыл он екі айдың барлық кейіпкерлері шығып, Жаңа жылға деген өз лебіздерін білдіруі мен Аяз ата мен Ақшақардың ортаға келуі той-думанды одан әрмен қыздыра түсті.
-Өткен жыл еліміз үшін оның ішінде біздің қаламыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Қапшағайдың бұл табыстарына әрқайсыңыздың жеке қосқан үлестеріңіз үлкен.
Жаңа жылда сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін,-деді Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков өзінің жаңажылдық құттықтауында.
Одан кейін алаңға жиналған барша қауым қала әкімінің атынан мерекелік отшашуын тамашалады. Қазақ эстрадасының жұлдызы Абай Бегейдің орындаған ән ырғағымен бірге билеп, бірге толқыды. Алматы қаласынан келген «Суникеш» пен «Мұзтау» топтары да әсерлі әндерімен көптің көңілінен шықты. Алмаз Мәдиева, Арайлым Сабыржанова, Азиза Арғанат, Мөлдір Ержанова орындауларындағы «Жаңа жыл» әні табалдырықтан аттар келер жылға айтылар ақтарылған ақ тілек, ізгі  ниет ойларымен шадыман көңілді шалқытты.
Шырша маңына жиналған думаншыл жұртшылық ерекше көңіл-күймен бір-бірін құттықтап жатты. Расында да Қапшағай аспанын нұрға бөлеген отшашу қала тұрғындарының шырайлы шаһардың күннен күнге гүлдене, көркейе беруіне деген сенім оттарын жаққандай болды.
 Астролог мамандардың айтуынша, биылғы 2019 жыл, ең бастысы, табысты болмақ. Нақтырақ айтсақ, алдағы жылы нағыз еңбекқор жандардың бағы жанады. Яғни қай салада болмасын, өз кәсібін ашып, бизнесті дамытуға үлес қосатындар үшін жыл жемісті болмақ. Еңбегіне адал, ісіне мығым жандардың қызметі өседі.  Сондай-ақ, еліміз қытымыр қыстан қысылмай шығып, құлпырған  көктемнің нұрына бөленеді. Жазы мерекелі, күзі берекелі болады дейді. Жалпы, Доңыз жылы жайлы, тыныш әрі қалыпты өтеді дейді болжаушылар. Демек, бұл жыл халықтың әл-ауқатын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыруға қолайлы жыл деген сөз.
Ал Қапшағайда осы жылы атқарылатын іс-шаралар көңіл қуантады. Қалалық мәдениет үйі мен Мұз айдыны сарайы, тұрғын үй құрылысы, ықшам аудандардың аулаларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелер асфальттанбақ. Қысқасы қыруар жұмыс биыл да жалғасатын болады.
Жаңажылдық кеш болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылған құнды жоспарларымен қуантты. Шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарап, қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімнің  бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отыратындығын сезіндік.
Жалпы, астролог мамандар доңызды мейірімді, ашу мен ызаны көп ұната бермейтін жануар деп сипаттайды. Лайым,  солай болғай!  
Заңғар АЛТАЙ

Поделится

+7(72772)  2-32-32

+7(72772)  2-31-28